Психологиялық тест: «Сіз қандай сусын ішесіз?»

Oinet.kz 16-10-2020 1846

image.png

1. Ыстық шоколат сусыны. 

Бір кесе ыстық шоколад сусынын таңдаған болсаңыз сіз жұмсақ мінезді жансыз. Әрдайым өзгелерге көмектесуге дайын тұрасыз. Сол себепті де сізді айналаңыздағы жандардың бәрі ерекше жақсы көреді. Жаңа ортамен тез тіл табысып кетесіз. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.

2. Кофе. 

Егер сіз кофені таңдаған болсаңыз, талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Мойындаңыз, мұндай ой тууына өзіңіздің үлесіңіз бар. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.

3. Ыстық шәй. 

Егер ыстық шәйге үйір болсаңыз тапқыр, жігерлі жансыз. Бір күн бойы пойыз не ұшақ терезесіне телміріп, әлемге көз тігіп отырудан бас тартпайсыз. Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бұрын соңды көрмеген жер, жаңа таныстар, таңсық нәрселер сізді шабыттандырады. Бейтанысқа беймаза жан боп таныласыз. Шынында да, өміріңізде сәл тыныштық орнауы үшін, өзіңізді қолға алыңыз. Ғұмырыңызды саяхатқа арнағыңыз келеді. Сапарға шықпаған кезіңізде, үнемі алыс шетелді елестетіп, қиял құшағында жүресіз.

Психологиялық тест: «Қауырсынның бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: «Қай есікті таңдар едіңіз!?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу