Үндістанның қызыл жаңбыры мен Лондонның қара тұманы

Oinet.kz 22-04-2019 1049

Screenshot_3.jpg

Табиғаттың тылсымында шек бар ма?! Әлемнің әр бұрышында орын алып жатқан түрлі табиғаттың құбылыстары адамзатты таңқалдырумен келеді. Солардың бірі қанды жаңбыр. Аспаннан жауған қызыл жаңбыр Үндістандағы Керала аймағында айлап жауады екен. Ғалымдар мен метерологтар жаңбырдың бұлай болуы Сахара шөлінен көтерілген шаңның араласуы деген пікір айтады. Ал Лондонның аспанына  ай күннің аманында қара тұман жиі төнеді. Қап-қара түнек кезінде тұрғындар көшеге шыға алмай  қаладағы қозғалыс тұман сирегенше тоқтап қалады. Мұндай оқиға Лондонда 1873, 1880, 1952 жылдары орын алған. Қара тұман кезінде адам өлімі жиілеп кетеді екен. Себебі ауа қоюланып, адамдардың тыныс алуы қиындай түседі. Осыған ұқсас оқиға 1938 жылы Ямалада да тіркелген. Түскі уақытта аяқ астынан қаланы түгелімен қара түнек басып, күннің көзін жауып тастаған. Тастай қараңқылық тұп-тура бір сағатқа созылған. Ғалымдар бұл жұмбақтың шешуін әлі күнге дейін таппай келеді. 

chernyj-tuman.jpg


Әр елдің зейнетақысы әртүрлі
Әскерде 80 жыл сарбаз болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу