Қызықты деректер: Орынсыз жерде қысқан толғақтар

Oinet.kz 24-05-2019 1082

sonnik-k-chemu-snitsya-beremennaya-zhenshhina-vo-sne.jpg

       Ай күні толған әйелдің толғағы кез-келген жерде және кез-келген уақытта басталуы мүмкін. Жер бетінде орынсыз және ыңғайсыз жағдайда босанған әйелдердің хикаялары көп. Солардың бірі Каньетта Биггстің басынан өткен оқиғасы. Ол дәрігерге қаралу үшін көлігіне мініп жолда келе жатқанда аяқ астынан толғағы қысып, тізгінге ие бола алмай көлігімен көлге аудалырып кетеді. Су астынан шыға алмаған әйел дәл сол жерде сәбиін босанады. Қуанышқа орай жүргіншілердің бірі оны байқап қалып ана мен баланы судан алып шығады. Ал Синди Пресельді кеменің ішінде капитан Эдвард Киесель босандырып алды. Толғағы басталған әйелдің жанында капитаннан басқа ешкім болмағасын капитан бар жауапкершілікті өз мойнына алып, ауыр жағдайдағы ананың өмірін сақтап қала алды. Бала ана құрсағынан басымен емес аяғымен шыққандықтан босану қиынға соқты. Соған қарамастан ешқандай медициналық сауаты жоқ капитан туылған сәбидің жүрегіне массаж жасап, кіндігін кесіп аман алып қалады. Сәбидің есімі құтқарушының құрметіне қойылды.

       Ал 2000 жылы Мозамбикте қатты сел болып, елді мекендерді су басқан болатын. Іштегі тоғыз айлық баласымен София Педро топан судан сақтану үшін биік ағаштың үстіне өрмелеп кетеді. Судың тасқыны басыла қоймаған соң әйелдің ағаш басында отырудан амалы қалмаған. Ол сонда тұп-тура 3 күн отырады. Үшінші күні оның толғағы басталып, ағаш үстінде өздігінен босануға мәжбүр болады. Бір қызығы, екеуінің де денсаулықтарынан кінәрат табылмаған. 

Әлемдегі ең қызықты 4 дерек
Әлемдегі ең жылдам жеделсаты қай елде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу