Әлемдегі ең жылдам жеделсаты қай елде?

Oinet.kz 24-05-2019 1178

Screenshot_5.jpg

       Қытай жерінде әлемдегі ең ерекше жеделсаты бар. Хуанань провинциясында орналасқан Байлон немесе 100 айдаһар деп аталатын жеделсаты түгел дерлік шыныдан жасалған. Оның өзгешелігі сол ол тау аңғарында орналасқан.  Қытайдың Эйфель мұнарасы атанып кеткен жеделсаты Гиннестің рекордтар кітабына бір рет емес үш рет енген. Яғни әлемдегі ең жылдам әрі ең салмақ көтергіш жеделсаты ретінде, әлемдегі ең биік жеделсаты, сондай-ақ ұзын жеделсаты ретінде енген.  Расында да оның жылдамдығына ешбір жеделсаты ілесе алмайды. Ол 304 метр биіктікке небәрі 2 минутта ғана көтеріле алады. Жеделсатының ішінде үш контейнер орналасқан. Оның әрқайсысына 47 адамнан сыйып кете алады. 

Байлон бір сағатта орта салмақпен 80 келіден 4230 адамды жоғары төмен алып түсе алады. Жеделсаты орналасқан саябақтың аумағы өте үлкен және қауіпті тау-тастар, аңғарлар көп. Сондықтан 100 айдаһарға мінгіңіз келсе   999 тау-тасты басып өтуің керек немесе арнайы арқанды беліңізге байлап жетуге болады. Ең жылдам жеделсатының құрылысы 1999 жылы басталған болатын. Алып құрылыс 2002 жылы бір-ақ аяқталды. Оның құрылысына қытайлықтар ақшаны аямады. Бақандай 20 миллион доллар жұмсалды. 

Қызықты деректер: Орынсыз жерде қысқан толғақтар
Қателік қайталанбас үшін тарихтан тағлым алу керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу