Әлемдегі біз білмейтін жемістер

Oinet.kz 30-05-2019 1729

260845_900.jpg                                                

          Шартарапта біз білмейтін қаншама жемістің түрлері бар. Африка аймағында өсетін Акки жемісі  әлемдегі сирек кездесетін жеміс. Ямайкада ол игілктің, молшылықтың символы саналады, сондай-ақ сол елдің брендіне айналған. Аккиді дұрыстап жей алмасаңыз уланып қалуыңыз мүмкін. Егер шамадан тыс көп жеп қойсаңыз терең ұйқыға батып, тіпті өліп те кетуіңіз ғажап емес. Жемісті піспей жатып жеуіңіз өміріңізге тікелей қауіп төндіреді. Себебі шикі жемістің құрамында у көп болады. Соған қарамастан ямайкалықтар акииді тағамдарына көп қосады. 

1.jpg

Жаботикаба жемісі Оңтүстік Американың мақтанышы десе де болады. Күлгін түсті жеміс ағаштың бұтағында емес қабығында өседі. Жүзімге ұқсас жемістен жергілікті тұрғындар шарап жасайды. Шараптың туристер арасында сұранысы жоғары.   А және С дәруменіне бай аквагейфрут амазонка жағалауында өседі. Шарап жасауға таптырмайтын жемістің күйіктерді емдейтін қасиеті де бар.  

Құмы аппақ, көлшігі көп шөл дала қай елде?
Иттерді атжалмандар алмастырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу