Бетпердесіз хоккей

Oinet.kz 17-06-2019 905

Screenshot_13.jpg

Хоккей – спорттағы қауіпті ойындардың бірі саналады. Алғашқыда ойыншылар беттеріне ешқандай қорғаныш кимей ойнағанын білесіз бе?  Бетперде кию олар үшін арман болды. Себебі оны киген ойыншы қорқақ деп саналды. Хоккей ойынына бетперде кию үрдісін алғаш рет  «Монреаль Канадиенс» командасының қақпашысы Жак Плант алып келді. 

1959 жылы мұз айдынында өтіп жатқан матчтың бірінде шабуылшы Эндидің соққан шайбасы Жактың тура бетіне оңбай тиеді. Әп-сәтте мұздың үсті қып-қызыл қанға боялып, ойыншы ойын алаңынан шығарылады. Жактың жыртылған бетін дәрігерлер сол жерде жеті рет тігіп, жарасын таңып береді. Алмастыратын қақпашы болмаған соң мұз үстіне Жактың өзіне шығуға тура келеді. Алайда ол «мен ойынға бетпердесіз шықпаймын» деген  батыл шағым айтады. Ол кезде қорғаныш пердесін кию ойын ережесіне мүлдем сәйкес келмейтін әрі масқара қылық еді. Айтқан бетінен танбаған Жакқа қысылтаяң уақытта төрешілер соңында бетпердемен шығуға рұқсат береді. Сол күннен бастап Плант ойынға тек маскамен шығуды әдетке айналдырады. Оның әр алуан маскалары ел аузында айтыла бастайды. Уақыт өте келе хоккей алаңында сән әрі қауіпсіздік үшін бетіне маска киген ойыншылардың қатары көбейе түсті. Түбінде қорғаныш бетпердесін әрбір хоккейші киетін болды. 

Айта кетейік, Жак Плант спорт карьерасында мұрнын 4 рет, жақ сүйегін 2 рет сындырып алған. Оның бетінде шамамен 200 тыртық болған. 

Screenshot_1.jpg

«Екібасты бұлбұл»
Үш рет тұрмыс құрған «жартылай қыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу