Ақша жайлы қызықты деректер

Oinet.kz 17-06-2019 2092

Screenshot_14.jpg

Суретте көне монеталар бейнеленген

Ақша-түрлі эмоция тудырушы қару іспетті. Әркім қаражат жөнінде түрлі пікір қалыптастырып, жай бақыр тиыннан  «бақытына» теңеуге дейінгі аралықта түсінік бөледі. Қаржыға деген қатынасы арқылы адамдардың ішкі жанын тануға да болады. Күнделікті өмірде әмияныңыздың тұрғынына айналған ақша жайлы қызықты деректер топтамасын ұсынамыз.

Ақша -  саудадағы айырбас құралы.  Ежелгі үнділер сауда жасауда інжу-маржанды айырбас қызметіне  пайдаланған.  Киев русінде  тұз, әсел, мал терісі ақша рөлін атқарған.

Алғашқы монета  атауы Иван Грозныйдың жарлығымен қойылған. Орыстың «монета» сөзі Ежелгі Римнен келген. Рим құдайы Юнона Монета лауазымына ие болған, латыншадан аударғанда бұл «алдын ала ескертуші» немесе «кеңесші» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы құдайдың ғибадатханасының жанында металл ақшаларды соғатын шеберханалар болған. Осы шеберханалардың өнімдерін монета деп атай бастаған, ал ағылшын тілінде осы сөзден «money» деген ақшаның жалпы атауы шыққан.

Алғашқы доллардың белгісі ( $)  Құрама шттаттарға мүлде қатысы жоқ. Доллар пайда болғанға дейін Мексикандық песоны белгілеу үшін қолданылған. Сол кезеңнің құжаттарын зерттеу көрсеткендей, бұл белгі P мен S әріптерінің қосындысынан пайда болған. Ps аббервиатурасы песоны белгілеу үшін пайдаланылған.

«Қағаз ақшалар» атына қарамастан шын мәнінде қағазға басылып шығарылмайды. Олар тозуға төзімді, мақта мата мен зығырдан тұратын материалдан жасалған. Бұдан өзге, қазір көптеген елдерде банкноттарды басып шығаруға жаңа материалдарды пайдалануға тәжірибелер жасалып жатыр. Бұл олардың төзімділігін арттыра түспек. Осылайша, Австралия, Қытай, Бразилия, Солтүстік  Ирландия,  Румыния мен басқа да елдер банкнотты басып шығаруға арнайы жіңішке пластик материалдарды пайдалана бастаған.

Дүниедегі ең ауыр 19 келілік монета XVIII ғасырда  Швецияда жасалған.Әлемдегі ең салмағы ауыр алтын монета Қытайда жасалған. Оның салмағы – 5 келі. Ең ауыр 3 келілік күміс монета Ресейде 1999 жылы жасалған.

АҚШ-та 1 және 20 долларлық купюра кең қолданыста. Әлемде ең көп қолданылатын купюра 100 ақш доллары. Сондай-ақ, АҚШ-та тірі адамдарды ақшада бейнелеуге заңмен тиым салынған.

Ежелгі грек декадххмы- ең қымбатқа бағағаланған монета. Цюрихтағы аукционда грек монетасы 314 мың долларға бағаланған.

Венецияда XVI ғасырда  монета «газет» деп аталды. Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италиянша gazzetta — базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La Gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды.

«Тақтар ойыны» (Игра Престолов) туралы әрбір жанкүйердің білуі қажет 13 факт
Ең жұмбақ материк – Антарктида туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу