Қазақстандық атақты модельдер

Oinet.kz 10-07-2019 4205

Дана-Добринская-740x370.jpg

Дана Добринская. DIOR куз-қыс коллекциясы.

Қазақстан модельдік бизнес алаңына енді етене араласып жатыр. «Елімізде модельдік бизнес жоқ» немесе «мүлде бағаланбайды» дегеніңізбен де, қанша претенденттердің ішінен топ жарып өзінің карьерасын дәл осы модельдік бизнесте орналастырғандар жетерлік, жетерлік болмаса да бар. Алайда, неге екені белгісіз, модельдер өз елімізде бағаланбай, шетелге барып карьерасын жалғастырып жатады. «Оның себебі әр елдің өзіндік стандарттары болуында» дейін десек те, әлемдік стандартқа лайық болып, ұлтаралық көрсетілімде жүргендері де аз емес. Сонымен, қазірде топ жарып жүрген қазақстандық сәнбикелер тізімі:

Дана Добринская

dana-dobrinskaia-740x370.jpg

18 жасар Семей қаласының тумасы Дана өз модельдік өмірін 14 жасында Cassis Model Management сән мектебінен бастаған. Алғашында жас ерекшілігіне байланысты модель тек Қазақстанд дизайтерлерінің парақшаларынан көрініп немесе отандық фотографтардың "музасы" болып жүрді. Модельдің өмірін 2018 жылы 26 ақпанда өткен DIOR-дың куз-қыс коллекциясының көрсетілімі өзгертті. Модель қазір Париж қаласынын фэшн индустриясын бағындырып жүрген көрінеді. 

Аяулым Шалқар

2b28f28f05f18b80e54218061acf9ee4.jpg

Өзінің инстаграм желісі арқылы танымал жас модель Айя алғашында тіпті модельдік мектептің де кастингінен өтпегенін өз парақшасында жазған болатын. 18 жасында модель арман қуып шетел асып кетеді. Ең алғаш ZUT журналынан көрінген модельді байқаған отандық дизайнерлер Айяны өз түсірілімдеріне шақыра бастайды. Айаның карьерасы жыл сайын өте қарқынды болып өсе берді. Модель жоғарғы білім алуға Францияға аттанған болатын, сол жақта француздардың FRESH журналынан Айяның жұмыстарын тамашалауға болады. Қазір модель атақты клипмейкер Айсұлтан Сейтовпен ашық түрде кездесіп жүр.

Баян Бакишева

header_marie_claire_2_bayana_bokisheva_1.jpg

2015 жылғы өткен Marie Claire Hong Kong журналының алғашқы бетінен бірақ шыққан Баян келесі күні-ақ атақты болып оянды. Бұған дейін модель Шанхай, Пекин, Гонгконгта және Мәскеу қалаларында түсірілімдерге белсенді ат салысып жүрген көрінеді. Қазірде, Баян Бақышева Eat Models модельдік агенттігінің құрамында өзін нағыз профессионал модель ретінде көрсетіп жүр. 

Дениз Нариман

2-83.jpg

Өзінің алғашқы модельдік жолын Дениз 15 жасында Алматы қаласына келіп бастаған. Фотограф, дизайнерлер модельдің ерекше сұлу келбеті мен дене бітімін бірден байқаған. Модель өзінің шетелдегі көрсетілімдерін Үндістан, Филиппин және Тайланд елдерінде әлдеқашан бастап кеткен. Оның үстіне аталмыш елдерде Дениз үлкен сұраныстағы жарнама модельдерінің бірі.

Бір байқағанымыз, бұл индустриядағы сәнбикелер алдымен шетел фэшн индустриясын бағындырып қана елге оралып, табысты карьера құрады екен. Шетелге кету себептерін көптеген отандық модельдер қаржыландыру жүйесінің аспанмен жердей болуымен байланыстырады.

Жігіттер жайында деректер
Шприцті кім ойлап тапқан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу