Жігіттер жайында деректер

Oinet.kz 09-07-2019 19793

665@495@cbeb4698c394273b7947ed0c4a5b7017-ODBhZDg3NmQyYQ (1).jpg

  • Жігітпен танысу үшін ең тиімді орындардың бірі химиялық тазалау орыны (химчистка). Себебі онда тек ауқатты жігіттер барады.

  • Еркек атаулының барлығы жүрегінің түкпірінде "кішкене бала" болып қалады. 

  • Жігіттердің «не болып қалды?» деген сұрағына қыздар «ештеңе» деп жауап берсе, олар шынымен де ештеңе болмады екен деп ойлайды... Жігіттерге бәрін тәтпіштеп айту қажет.

  • Жігіттер шаштарын ұстағандарды ұнатпайды, бар болса шашы.

  • Жігіттер екіұшты жауапты ұнатпайды, нақтырақ түсінбейді.

  •  Қыздарға душ қабылдау үшін сусабын, көбікті сабын, душқа арналған гель, шашқа арналған бальзам, лосьон, крем, т.б.  ұшан-теңіз қажеттіліктер. Жігіттер қауымы үшін, керісінше, душ қабылдау үшін бір флакон сусабын да жетеді. Кейде тіпті сусабынды қарапайым сабынмен де алмастырып жатады.

  • Жігіттер кітапты маңызды, пайдалы болғыны үшін оқыса, қыздар сәнді, таралымы көп болғаны үшін.

  • Жігіттер соғысқа барудан еш тайсалмайды. Бірақ та, депиляциялық процесске барудан қатты қорқады. Олар естен шығаратын сияқты, соғыста тіпті терісімен бірге сыпырып алуы мүмкін екенін.

  • Жігіттер бас бармақтарын белбеуінде ұстап тұрса, қарсысындағы қыз ұнап тұр деген сөз екен. Ақылға қонбайтын факт.

  • Жігіттерге қыздар тарапынан айтылған комплименттерге қарағанда, жігіттер айтқан комплименттер олардың мәртебесін көтереді.

  • Жігіттердің арасындағы достық ортақ қызығушылықтарынан құрылады.

  • Бүкіл жігіт өз-өзін жақсы деп ойлайды. 

    - Не дейді?

    - Естері дұрыс емес осылардың.

  • Жігіттер киімнің сырт келбетіне қарағанда, сапасы мен пішініне жіті мән береді екен.

  • Жігіт кешкі ас дайындаса, демек шындап бірнәрсені жоспарлады. Қыздар, «ұсыныс жасайды ма?» деп ойламаңыздар, бірден!

  • Жігіттердің көпшілігі өзінен үлкен қыздармен кездескенді ұнатады. Жігіт болғанымда ғой, не үшін олай екенін айтушы едім.

  • Жігіт бір апта хабарласпаса,  қыздар сылтауды жігіттерден бұрын тауып қояды. «Телефоны сынып қалды ма екен?», «Нөмірімді жоғалтып алды ма екен?», «Ауруханаға жансақтау бөліміне түсті ма екен?» Бірақ, қыздар, ол тек сізбен сөйлескісі келмеді, басқалай болуы мүмкін емес. Бром - тыныштандыратын дәрі.

  • Жігіттердің қиялында шек жоқ.

Қыздар жайындағы 20 дерек
Қазақстандық атақты модельдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу