Субординация. Қызмет бабындағы сыйластық

Oinet.kz 06-08-2019 4252

Screenshot_5.jpg

Субординация – шені кіші қызметкерлердің өзінен жоғары қызметкерлерге қатаң бағынуы. Субординация латын тілінен алғанда «subordinatio» «бағыныш» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл термин кішілер үлкендерді, қызметшілер бастығына  бағыну керектігін білдіретін заңдылық ретінде де қарастырады. 

Мәселен, мектеп жасындағы бала мұғаліміне ашу үстінде дауыс көтеруі, ізет көрсетпеуі мүмкін, осы жағдайда оқушы субординация заңдылығын бұзды деп есептелінеді. Кейде мұндай субординация заңын бұзушылық оқыстан айтылған әзілден де болуы мүмкін. Алайда, ашуына мінген бастық сізден жүзпайыздық салмақтылықты талап етеді.

Әскери өмірде ғана емес, қарапайым іскерлік қарым-қатынаста да субординацияның сақталу ерекше маңызды. Бұл іскерлік этикеттің бір түрі.

Субординация тек бастық пен қол астындағы қызметкері арасындағы сыйластық емес, сонымен қатар қызметтік шеніне қарай үлкен-кішінің де арасында сақталуға міндетті заңдылық.

Бұл заңдылық түптеп келгенде 1708 жылғы 9 желтоқсанда  I Петр бекіткен заңнан туындауы да мүмкін: «Қызмет дәрежесі төмен жұмысшы, өзінен атақ-шені бойынша үлкеннің алдында өзін түкбілмес, мылқаудай ұстауы керек».

Әйтсе де, 300 жыл өтсе де басшылар сол заңнаманы сол күйі қалдырып отырған жайы бар.

Ең танымал әлеуметтік желілер
Альтруизм. Альтруистер кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу