Колобок (бауырсақ) туралы қызықты деректер

Oinet.kz 08-08-2019 3852

Ерте, ерте, ертеде… Осылай басталатын ертегіні балалығында ата-әжесінен, ата-анасынан тыңдамаған бала жоқ шығар, сірә. «Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым» деп жалғасатын ертегі ше? Есіңізде болар? Есіңізде болса сол ертегінің кейіпкері кім екенін танымауыңыз мүмкін емес. Сол кейіпкер туралы сіз не білесіз?

fakty-kolobok.jpg

Бауырсақ (Колобок) туралы қызықты деректер

Ульяновск (Симбирск) қаласы тек әлемдік пролетариаттың көсемі Владимир Ильич Лениннің ғана емес, белгілі орыс ертегісінің кейіпкері бауырсақтың да отаны екен. Мұндай тұжырымды жергілікті өлкетанушы Сергей Петров жасаған. Симбир губерниясында «колебятки» сөзі қамыр ашытатын күбіде қалған қамырды білдіретінін анықтаған. Оны жинап, дөңгелек шелпек етіп пісірген. Дәл ертегідегідей - Кемпір қамбаның түбін қағып, елеуішпен елеп, табақшаға салып, бауырсақ пісіру үшін ұн жинайды. Колобок атауы содан шыққан көрінеді. Бірнеше жыл бұрын Ульяновск қаласы өзін ертегі кейіпкерінің отаны деп атау құқығына ие болған. Қалада тіпті Бауырсаққа арнап ескерткіш те орнатылған. Ол ескерткіш қаланың көрнекті орнына айналып, той күні үйленуші жастар келіп суретке түседі екен.

Ульяновск аумағына қарасты Жаңа Беденьга ауылында аумағы 3 гектардан астам болатын Бауырсақтар мекені ашылған. Онда келушілер жаңа піскен тәтті бауырсақтан дәм татып қана қоймай, қызықты әрі ерекше «колобкобол» ойынын ойнауына да болады. Ойын қарапайым футбол тәрізді, тек доп орнына дөңгелек бауырсақпен ойналады.

Бауырсақ пісіру славян халықтарында бірнеше ғасырлар бұрын-ақ әдет-ғұрыпқа айналған. Астықтың бірнеше сортынан өндірілген ұннан дөңгелек нан пісірген. Әсіресе жаздың басында өткен жылғы ұн таусылып, ал жаңа егіннің астығы әлі пісіп үлгермеген шақта диқандардың «қамбаны қағып ұн жинауына» тура келген. Олар Колобок, яғни Бауырсақ үйге береке әкеледі деп есептеген.

Колобоктың (Бауырсақтың) отаны Ульяновск деп танылғанымен, мұндай шелпектерді бүкіл орыс елінде пісірген. Алайда атауының «колебятки» деген сөзге мүлде қатысы жоқ. Ал «коло» сөзі славян тілінен аударғанда «дөңгелек, шеңбер» деген мағына береді.

XVII ғасырдың басында «Патша тағамдарының тізімінде» ұннан, жұмыртқа және сиыр етінің майынан дайындалатын «колоб» деп аталатын тағам туралы айтылады. Бірақ патша дастарханы үшін қамбаны қағудың қажеті болмайтыны сөзсіз.

Алғаш бауырсақ ертегісі 1873 жылы А. Н. Афанасьевтің жинақтаған «Орыс халық ертегілері» жинағында жарияланған. Сонымен қатар бұл жинақтағы ертегіде бауырсақ дөңгелек емес, жалпақ пішіндегі шелпек ретінде суреттелген. Дөңгелек пішініне ол бертін келе ие болған.

2018 жылғы Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатында чемпионаттың ресми бойтұмары ретінде «Забивака» қасқыры болды. Дауысқа салудың соңғы шешуші кезеңінде ол өзінің бәсекелестері Мысық пен Жолбарысты басып озып, бойтұмарға айналған. Сол чемпионаттың бойтұмарлығына үміткер ретінде Бауырсақ та қатысқан.

2018 жылғы чемпионатта бойтұмар бола алмағанымен, Бауырсақ үлкен спорт турнирінің бойтұмарына айнала алған. Ол доппен ойналатын хоккейдің әлемдік чемпионаты Бауырсақтың (Колобоктың) отаны Ульяновск пен Димитровградта өткен.

Ағылшын фольклорында сюжеті бауырсақ ертегісіне қатты ұқсайтын Джонни-пончик туралы ертегі бар. Оның да тағдыры Бауырсаққа ұқсас трагедиямен аяқталады, оны да соңында түлкі жеп қояды.

Бауырсақ туралы алғашқы мультфильм 1936 жылы «Союзмультфильм» студиясында түсірілген. Владимир Сутеев пен Леонид Амальрик режиссерлік еткен бұл ертегінің ұзақтығы 8 жарым минут шамасында.

Шектен тыс үнемшілдік кедейлікке алып барады
Коучинг. Коуч деген кім, не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу