Әлемдегі ең лас көл

Oinet.kz 10-08-2019 3652

Screenshot_9.jpg

Индонезия елінің Ява аралындағы Цитарум көлі - әлемдегі ең лас көл. Кезінде көл ағып жатқан өзен болған. Онда  балықшылар балық аулап, тұрғындар суды күнделікті тұрмысқа, егіншілікке  пайдаланған. Бүгінде көл балықшыларды емес қоқыс терушілерді асырап отыр. Экологиялық апатқа ұшыраған мөлдір судың бүгінгі жағдайы тіптен аянышты. Су бетіне қалқыған қоқыстан тіпті, өзенді көру мүмкін емес. Қоқысқа тұншыққан өзеннен пластикалық бөтелкелерден бастап жиһазға дейін кездеструге болады. Нәпақа іздегендер күнде өзенге келіп жарамды, пайдалы заттарды теріп алып, сатады. Ява аралының көрікті мекені болған Цитарумның бұлайша ластануына жағалауда орналасқан зауыттар кінәлі. Өндіріс орнынан шыққан лас қалдықтардың барлығы өзенге төгіледі екен. Су дәл осылай қоқысқа тола берсе ГЭС тоқтайды дейді мамандар. Ал жарық сөнсе зауыттардың ба тоқтайтыны белгілі. Явалықтар сонда ғана барып көлдің өкпесі демалатынына сенімді. 

«Ок» бразилиялықтарға ұнамайды
Жолаушыларға неге парашют берілмейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу