Сөмке ұстау ерлерге сән болған

Oinet.kz 10-08-2019 1355

Screenshot_38.jpg

Сіз білесіз бе, сөмкені алғашқыда әйелдер емес тек  еркектер қолданған. Бағзы Африка тайпаларында ерлер міндетті түрді тоқылған сөмкелерді асынып жүретін болған. Анау-мынау емес  қауырсын, түрлі аңның жүнімен әшекейленген сөмкелер. Ал ежелгі мысырлық жігіттер беліне қазіргі әмиянға ұқсас кішкене сөмкелерді тағып жүрген. Әлемдегі ең қымбет сөмке зергер Роберттің жүрек пішіндес сөмкесі. Оның бағасы 3,8 миллион долларға бағаланған. Аксесуар алтыннан және 4,5 мыңнан астам қызғылт, сары және түссіз бриллианттан жасалған. Тастардың өлшемі 382 каратты құрайды. Осы ерекшелігі үшін ол Гиннестің Рекордтар кітабына енген. Амстердамға бару кез-келген қыз-келіншекті арманы шығар. Себебі онда  сөмкелердің ең үлкен мұражайы бар. Дерек бойынша мұражайда 3,5  мыңнан астам экспонат жинақталған. Әлемдегі ең сәнді бикештердің бірі Виктория Бекхэмнің сөмкелер коллекциясында шек жоқ. Егер сылқымның сөмкелерін сатсаңыз шамамен 3 миллион долларға ие боласыз.  

Көзі көгілдір адамдар жиі алдайды
Үңгірде өмір сүретін адамдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу