Патшалықты да, пайғамбарлықты да нәсіп еткен Сүлеймен

Oinet.kz 10-08-2019 1383

Screenshot_48.jpg

Ел аузында Сүлейменнің патшалығынан гөрі пайғамбарлығы көбірек айтылады.Алла оған асқан ақыл, сансыз байлықпен қатар пайғамбарлық қасиет берген. Сүлеймен есімінің мағынасы «Құдайдың сүйікті құлы», «бейбітшілік» деген мағынаны береді. Хазірет Сүлейменнің есімі қасиетті Құран кітаптың 10 жерінде аталған.  Діни аңыздар мен хикаяларда Сүлеймен пайғамбардың (а.с.) ұланғайыр билік, орасан зор даңқ пен ілімнің иесі болып, жан-жануарлардың, тірі жәндіктердің тілін білгендігі айтылады. Сүлеймен пайғамбар (а.с.) билігінің зорлығы сонша ол патшалығымен қатар жануарлар әлеміне де билік жүргізіп, жындар да оған бағынып қызмет жасайды. Аңыз бойынша патшаның әмірімен салынған Масжиди Ақса – Бәйти Муқаддас  мешітінің құрылысына адамдармен қатар жын-шайтандар да тартылған көрінеді. Хазіреттің ықпалынан жындар қанша тырысқанымен құтыла алмаған. Сондықтан олардың қол-аяғы үнемі шынжырмен байлаулы жүрген, егер қашуға әрекеттенсе отқа жағып азаптаған.  Сүлеймен (а.с) пайғамбарға желдің өзі бағынып, оны тағымен қоса қалаған жеріне апарған. Патшаның құстардан құралған әскері де болған. Қанаттылардың ішінде пайғамбар һұдһұдтты (бәбісек) ерекше көрген. Сенімді дос хазіреттің әскерін шөл далада талай рет бұлақтың көзін тауып беріп өлімнен құтқарып қалған. Сондай-ақ құс хат тасушы ретінде патшаға қызмет еткен. Һұдһұдттың жәннатқа кірген себебі де осы шығар. 

Аң мен құс, жын-шайтанның тілін ұққан Сүлеймен (а.с) пайғамбар
Сүлеймен пайғамбардың өлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу