Наполеон туралы қызықты деректер

Oinet.kz 16-08-2019 5632

Наполеон Бонопарт – француз императоры және реформашысы, тарихтағы ең дарынды қолбасшылардың бірі. Аналитикалық ақыл-ой жүйесінің, аласа бой мен математика магистрі дәрежелерінің иесі. Өмірінің соңы қуғындалумен, тәжірибесіз емші мен қаскөйлердің улауымен аяқтаған.

fakty-bonapart.jpg

Императордың құрметіне қатпарлы тәтті торт пен коньякқа Наполеон атауы берілген.

Математикада Наполеон теоремасы бар және оны оның өзі ойлап тапқан деген ақпарат бар.

Ол қорқуды білмейтін тұлға деп танылған. Есесіне Бонопарт мысықтан қорыққан. Ол оның өмір бойғы фобиясы болған.

Жозефина, Бонопарттың әйелі, өзінен алты жас үлкен болған.

Наполеонның бойы аласа болған, алайда көпшілік ойлағандай 157 сантиметр емес, 168 сантиметр болған.

Бонопарт математика магистрі болған. Франция ғылымдар академиясы Наполеонды өздерінің академигі ретінде жариялаған.

Бонопарт әскердегі қызметін 16 жасында артиллерияның кіші лейтенанты шенінде бастаған және 24 жасында генерал атағына ие болған. 35 жасында билікке Франция императоры ретінде келген.

Наполеон итальяндық операны қатты жақсы көрген, алайда актерларға қол соғуды ұнатпаған.

Француздардың жаңа императоры кезінде мемлекеттің «еркіндік, теңдік және меншік» ұраны пайда болған.

Тарихи деректерде Наполеонның 1 минутта 2 000 сөз оқи алғандығы баяндалған.

Бонопарт өзінің жалғыз «Клиссон және Евгения» махаббат романы еңбегін жазған.

Қызмет орнында ұйықтап жатқан сақшының үстінен түскен Наполеон қызметкерді оятпай, қасына күзетке тұрған.

Наполеон жүдеген корсикалық дворян отбасынан шыққан. Ол 13 баланың екіншісі.

Дұшпандары Бонопартты «кішкентай корсикалық» деп атаған. Бұл атау бойымен қатар шыққан тегіне де тұспалдап айтылған.

Стресс жағдайында ұлы француз лезде ұйықтап қалатын болған, тіпті оқ атылғанда да. Есесіне император тәулігіне небәрі 3-4 сағат қана ұйықтайды.

Наполеонның толықтығы мен бойының аласалығына байланысты комплекстері болған.

Бонопарт түрлі қалпақтарды ұнатқан. Өмірінде олардың саны 200-ге жеткен.

Итальян тілінің корсикалық диалекті Бонопарт үшін туған тілі болған.

Наполеон 1815 жылы айдауға жіберілген Әулие Елена аралында өмірінің соңғы күндеріне дейін өмір сүрген. 6 жылдық айдау нәтижесінде Наполеон рак ауруына шалдығып, оны күшәнмен емдемек болуы оның өлімінің себебі болған.

Наполеон Бонопарт тарихқа Наполеон Бірінші ретінде енген.

1886 жылы Франция билігі бонопарттық тақтан үміттенушілердің бәрін қудалауға ұшыратқан. Оларға Франция аумағынжа жүруге немесе өмір сүруге және француздық әскерде қызмет етуге тыйым салынған. Бұл тыйым 1951 жылы ғана шешілген.

ХІХ ғасырдың басында африкалық құрлықта өсетін ағаштардың бірнеше түрі императордың құрметіне аталған.

Неміс психологы Альфред Адлер бойларының аласалығына байланысты өздерін өзгелерден кем санайтын және агрессивті жолмен билікке жетуді көздейтін адамдар үшін «Наполеон комплексі» ұғымын ойлап тапқан.

Ұлы композитор Людвиг ван Бетховен өзінің бір туындысын Бонопартқа арнаған.

Наполеонның мәйіті Париждегі Мүгедектер үйінде сақтаулы.

Әлемдегі ең көне қонақүй жайлы білесіз бе?
Судан ақша аулайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу