Техас штаты туралы қызықты деректер

Oinet.kz 19-08-2019 1956

fakty-tehas.jpg

Американың Техас штатының жер көлемі 700 000 шаршы км-ге тең. Бұл өз кезегінде Еуропа елдерінің кез келгенінің жер аумағынан үлкен, Ресейді қоспағанда, әрине.АҚШ-та Техас ең үлкен штат деп есептелмейді, себебі одан үш еседей үлкен Аляска бар.

Тоғыз жыл бойы (1836 – 1845 жылдары) Техас тәуелсіз республика болып келді. Сондықтан АҚШ құрамына ол тәуелсіз мемлекет ретінде енді.  2009 жылы штат губернаторы Рик Перри Техастың АҚШ құрамынан еркін шығып кете алатындығын еске салған. Оның мәлімдеуінше бұл құқық 1845 жылы бекітілген.

Бұрын Техас Мексика құрамында болған болса, кейінірек Мексика-Америка соғысының нәтижесінде АҚШ құрамына қосылған.

Техас дегенде көпшіліктің көз алдына ковбойлар елестейді. Ал ковбойлар мүйізді ірі қара мал өсірумен айналысатыны белгілі. Сондықтан, бұл штатта соған сай заңдарының болуы таңданарлық нәрсе емес. Мына екі заң сізді таң қалдырмай қоймасы анық: біріншісі – бөтен адамның сиырын иесінің рұқсатынсыз саууға, екіншісі – сиырға бояумен сурет салуға тайым салынған заңдар.

Техаста родео ресми спорт түрі саналады. Осы штаттың Пекос қаласында 1883 жылы алғашқы жарыстар өткен. Қазіргі таңда «Родео Кәсіпқойларының Ассоциациясы» мүшелерінің саны 5 000 адамды құрайды. Родеоның үздік шеберлері қомақты сомада гонорар алғанымен, оның көп бөлігі ем-домына кетеді.

2018 жылдың қаңтар айында Техас университетінің ғалымдары қандай мөлшерде тамақтанатынына қарамай, артық салмақпен күресуге көмектесетін дәрі ойлап тапқан. Мұндай дәрілер Техас үшін өте қажетті, себебі штат тұрғындарының 2/3 бөлігі артық салмақтан зардап шегетіндер.

Рио-Гранде өзенінің жағалауында орналасқан Эль-Пасо қаласы АҚШ-ндағы ең қауіпсіз қалалардың бірі саналады. Небәрі екі миль қашықтықта Рио-Гранде қаласына қарама-қарсы жағалауда орналасқан мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласы керісінше, өкінішке орай ең қылмыс дәрежесі көп қала болып саналады. 2009 жылдың өзінде 2635 адам зорлықпен өлтірілген.

Техастың тұрғыны Марк Джордан турникке тартылудан әлемдік рекорд орнатқан. 2014 жылдың қараша айында ол 4321 рет тартылып, Гиннес рекордтар кітабына енген. 54 жастағы рекордшының айтуынша, өз денсаулығына көңіл бөлуге ешқашан да кеш емес. Рекордқа жету үшін ол жыл бойына тынымсыз жаттыққан.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Техас қаруды еркін алып жүру құқығына ие болған. Курстан өтіп, лицензия алған кез келген техастық тіпті қоғамдық орындарда да қарумен ашық жүре беруіне болады. Оған дейін көшеге қару алып шыққан адам оны өзгелерден жасырын ұстауы қажет болған.

1963 жылдың 22 қарашасында АҚШ Президенті Джон Кеннеди Техастың Даллас қаласында қаза тапқан. Қазір трагедия орын алған жерде кітап қоймасының ғимаратында, қылмыскер Ли Харви Освальд оқ атқан жерде орналасқан алтыншы қабаттық мұражай ашылған. Мұражайда Президенттің өміріне және қызметіне қатысты көптеген құжаттар жинақталып, сақталған.

Аферист деген кім?
Ерекше қасиетке ие үй өсімдіктері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу