Өлі теңіз туралы қызықты деректер

Oinet.kz 19-08-2019 7095

fakty-mertvoe-more.jpg

Теңізге мұндай атау судағы минералды заттардың көптігінен берілген. Сол себептен ол теңізде балықтар да, өсімдіктер де, ешқандай да ірі көлемдегі тірі ағзалар болмайды. Биологтар онда тек бактериялар, оомицеттер мен жоғарғы саңырауқұлақтардың бірнеше түрлерін ғана тапқан.

Шын мәнінде теңіз өзен болып есептеледі, оның суы мүлде ағынсыз, Израиль мен Иордания арасында орналасқан. Өлі теңіз туралы біздің заманымызға дейінгі көптеген тарихшылар мен географтар еңбектерінде кездеседі. Мысалы, Страбон өз шығармасында оны «Сирбонида өзені» деп көрсеткен.

Інжілде осы теңіздің суы уақыт өте келе тұщы суға айналатыны жайлы айтылады және ол ақырзаманның бір белгісі болады. Бір қызығы, қазірдің өзінде көпшілік теңізде тұщы суда мекендейтін балықтарды көргендерін айтады. Израиль журналисті Ноам Бедеин тіпті бірнеше суреттер де жариялаған.

Өлі теңіздегі тұздың көп мөлшерде болуы адамдардың суда шомылу кезінде су бетінде қалықтап жүруіне септігін тигізеді. Тіпті жайбарақат газет немесе кітап оқуға да болады. Өлі теңіздегі су процедуралары артрозбен, артритпен, буынға тұз жиналумен зардап шегетін жандар үшін таптырмайтын ем. Ал арнайы булағыш бассейндерден алынатын минералдар косметика өндірісінде көптеп қолданылады. Өлі теңізде кездесетін минералдардың көбі басқа теңіз суларында кездеспейді.

Өлі теңізде бату іс жүзінде мүмкін болмағанмен, жазатайым оқиғалар орын алып тұрады. Одан бөлек ол суды ішу өте қауіпті. Тұздың қалыптан тыс мөлшері ағзаның улануына әкеледі және бүйректің жұмысына кері әсер етеді.

1867 жылы Өлі теңізде болған белгілі жазушы Марк Твен алған әсерін «Простаки за границей» кітабында: «...теңіз бетінде мүлгіген тыныштық орнаған. Еріксіз жерлеу және өлім жайлы ойлай бастайсың...», - деп жазады. Бұл сөздеріне қарағанда теңіз жазушыға жақсы әсер сыйлай алмағанын байқауға болады.

Өлімінен бірнеше жыл бұрын Гоголь Иерусалимдегі киелі жерлерді тәу етуге барады. Сұлулығына тамсанған Гоголь Өлі теңіздегі күннің батуының керемет көрінісін суреттеп жеткізу мүмкін еместігін жеткізген. Ол кезде теңіз суы күлгін түске боялады.

Өлі теңіз көлемі соңғы жылдары үздіксіз кішірейіп барады. Мамандардың айтуынша, егер қазірден шұғыл шаралар қолданылмаса, тағы 50 жылдан соң теңіз мүлде жойылып кетуі мүмкін. Теңіздегі судың негізгі көзі Иордан өзені. Алайда оның басым бөлігі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылуда. Израиль мен Иордания Өлі теңіздің құрғауының алдын алу үшін Қызыл теңіз суынан құюды да топшылауда.

1993 жылы Одессаның екі тұрғыны «Өлі теңіздің торта балығы» атты жаңа өзгеше бренд ойлап тапқан. Бұл балықты теңізге жіберіп, сырамен қолдануға дайын, тұзды күйінде алуды жоспарлаған. Алайда проект сәтсіздікпен аяқталған. Балықтар суға жібергеннен тұздалып үлгермей жатып өліп кеткен. Ал бұл үшін идея авторлары айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Тіс жайлы қызықты деректер
Гибралтар туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу