Көздің жасы неліктен тұзды?

Oinet.kz 23-08-2019 3349

0995acfe0df45b2c1705d248a163921b.jpg

Адам жылаған кезде көзден жас деп аталатын тұзды сұйық ағады. Ол көзді бөгде заттардан тазарту үшін қызмет етіп қана қоймай, көз алмасын ылғалдау үшін және стрестен арылу үшін де қызмет етеді. Ал оның дәмі неге тұзды? Біз осы сұраққа жауап беріп көрейік.

Бар мәселе оның құрамында екен. Жастың 99% судан, ал қалған бөлігі бейорганикалық қосылыстардан оның ішінде натрий хлоридінен (тұздан) тұрады. Тұздың мөлшері өте аз болса да, оның дәмі анық білінеді.

Натрий хлоридінің концентрациясының себебі әлі толық зерттелмеген, бірақ жалпы заңдылықтары шығарылған. Жастың тұздылығы әр адам ағзасындағы алмасудың түрлі процестеріне байланысты. Адам жылағанда қалқанша безінің атқаратын қызметі арта түседі, ал бүйрекүсті безі еселеп жұмыс жасайды. Сонымен қатар жүректің де соғысының жиілігі арта түседі. Осылайша ағзаға ауыр физикалық күшке ұқсас күш түседі. Соның әсерінен натрий хлоридіне калий және магний иондары араласып, ащылау дәм береді. Ол – ең тұзды көз жастары. Эндокринологтардың айтуынша, мұндай аса тұзды көз жастары көбіне өзін-өзі аяп, мүсіркеп жылаудан шығады екен.

Тұздылығы өте аз көз жастары да болады. Мысалы, кішкентай балалардың және ересектердегі қуаныштың көз жасы.

Неліктен аза кезінде ту төмен түсіріледі?
Жәндіктер неліктен ауру сезбейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу