Ерлерде шаш неліктен түседі?

Oinet.kz 26-08-2019 1461

androgennoe-oblyisenie-prichinyi-lechenie-profilaktika.jpg

Әр үшінші ер азамат – 25-30 жас аралығында, ал әр екіншісі 45 пен 50 жас аралығында басындағы шаштарынан айырыла бастайды. Егер қасқабастану ерте (18-20 жас аралығында) басталса, шаштардан айрылу өте жылдам жүреді де, егер шара қолданбаған жағдайда 10 жыл ішінде мүлде шашсыз қалу мүмкін. Есесіне егер 30 жасқа дейін тым болмағанда жартысы сақталса, онда процесс жылдам жүреді деп алаңдамауыңызға болады.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде шаштың түсуі 5-альфа-редуктаза ферментінің әсерінен фолликулдың құрамына еніп, шаштың салмағының азаюын қамтамасыз ететін тестостерон гормонымен тікелей байланысты екені анықталған. Бастағы шаш қалғанымен, олар жіңішкеріп, қысқарады әрі түссіздене бастайды. Фолликула сағасының алопециясы басталғаннан кейінгі 10-12 жылдан соң тіпті ол шаштың өзі арманға айналуы мүмкін.

Ежелгі ғалымдар евнухтардың, яғни гарем қызметіне тартылған еркектердің шаштары түспейтінін байқаған. Ал ХХ ғасырдың 40-жылдары дәрігер Джеймс Гамильтон шаштан айрылудың бірден бір себебі ретінде еркектің жыныс гормондарының артуына генетикалық бейімділік деп көрсеткен. Сондықтан қасқақбастануға қарсы жалғыз жүзпайыздық шара – кастрация. Ал әйелдердегі эстроген гормоны керісінше шаштың өсуіне, беттегі түктердің азаюына ықпал етеді. Ерлердегі андроген гормоны сақал мен мұрттың, басқа да түктердің өсуіне ықпал еткенімен, бастағы шаштың өсуіне кері әсерін береді.

Ерте жастан шаш түсу – тұқымқуалайтын құбылыс. Шаш түсуге бейімдіктің 73-75% анадан өтетін болса, 20% - әке жақтан, тек 5-7% ғана андрогенетикалық құбылыс болып табылады екен.

Ғарыш әлемі ғарышкер сөзімен
Никола Тесла ашқан 9 жаңалық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу