Франция туралы қызықты деректер

Oinet.kz 27-09-2019 4195

франция қаншама жылдық тарихы бар, керемет қонақжай ғимараттары бар, өте ерекше халқы бар ел. Әлем бойынша ең әдемі сән бикештері де осы елде. Ал Париж махаббат қаласы ретінде танылған.

Бүкіл Париж бойынша жалғыз ғана STOP белгісі бар.

Францияда өлген адаммен некелесуге болады. Ол үшін президентке арнайы өтініш хат жәберуіңіз қажет.

 

Француз тосты шын мәнінде Франциядан емес. Тек тостының қазіргі формасын Джозеф Френчпен (осыдан қате пікір) жасаған.

Луи XIX бар болғаны 20 минутқа ғана Франция королі болған.

Париждегі Syrah шағын кафесінде егер сіз "өтінемін" деп айтпасаңыз, кофе сізге әлдеқайда қымбатқа түседі.

Автомобильдерге арналған нөмірлік белгілер алғаш рет Францияда енгізілді.

Францияда шошқаны Наполеон деп атауға тыйым салынған.

Франциядағы ескі көпірді тұрғындар "Жаңа көпір" деп атайды.

Оның шетелдік аумақтарымен бірге Франция 12 түрлі уақыт зонасында орналасқан. Бұл әлемдегі кез келген басқа елге қарағанда әлдеқайда көп!

200 жылдан астам уақыт бойы, 2012 жылға дейін,  Парижде әйелдердің шалбар киюге ресми құқығы болған жоқ. Бұл заңға ешкім бағынбағандықтан, кейін заңның күшін жою жөнінде жарлық шықты.

Еуропаға қарағанда Африкада француз тілінде сөйлейтіндер көп кездеседі.

Париж таксистері өз лицензиялары үшін 200,000 еуро төлейді.

Барлық шампандар Францияның Шампань облысында өндірілген. Егер ол басқа жерде өндірілген болса, онда бұл жай ғана көшірме.

Орташа есеппен әр француз күніне шамамен 9 сағат ұйықтайды (8.83). Бұл дамыған әлемдердегі ең жоғары көрсеткіш.

Жыл сайын 80 миллионнан астам туристермен Франция әлемдегі ең көп туристери баратын ел болып танылған. Бұл таңқаларлық емес, өйткені Францияның көрікті жерлерінің тізімі шексіз.

Франция бір кездері әлемдегі аумақтардың 10%-ын иеленген.

Әр бесінші француздық депрессияға шалдыққан.

Франция үкіметі "өз балаларын табысты және абыроймен тәрбиелейтін" көп балалы отбасыларға арнайы алтын, күміс медальдар береді.

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Гитлер Парижге барған кезде, француздар Эйфель мұнарасындағы лифттің кабельдерін кесіп тастайды. Егер Гитлер Париждің ең танымал көрікті шыңына .шыққысы келсе, жаяу көтерілуіне тура келген.

Париж мешіті еврейлерге екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аман қалуға көмектескен, оларға мұсылмандыө төлқұжат берген.

Франция әлемдегі нөмірі бірінші туристік ел
Милан - сәнқойлар мекені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу