Балмұздақтың шығу тарихы

Oinet.kz 03-10-2019 2599

382BCF7C-6A85-4CA4-BD99-55B11CF53256.jpeg

Балмұздақ- тоңазытылып жасалған тағам. Балмуздақты сүт, қаймақ, қант, сары май, жеміс-жидек, сондай-ақ, дәмді, хош иісті тамақтык заттар қоспаларынан жасайды. Құрғақ қоспаға карамель сірнесі, қышқылдар, жүмыртқа ұнтағы, бал, хош иісті шәрбәт, шырындар Және агар, альгинат, желатин, крахмал, пектин сияқты тұрақтандырғыштар Қосады. Тиісті қоспалар араластырылғаннан кейін, арнаулы 70°C температураға дейін ыдыста 63 қыздырылып, зиянды микробтар жойылады. Қоспа цилиндрлі немесе дискілі сүзгімен сүзіледі. Қоюлығы біркелкі болу үшін қоспа гомогенизатор арқылы 150-300 атмосфералық қысымнан өткізіледі. Гомогенизатордан өткен қоспа тоңазытқышта 2-4°С-қа дейін салқындатылады.

Дайын балмұздақтың сапасын тексеру үшін 12-18 сағат сақталады да, өлшеніп бөлшектеледі. Бөлшектеу әр түрлі. Мысалы, Алматы сүт комбинатында балмұздақ гильзаға (қаңылтыр ыдыс) салынып, вафлямен (жұмыртқа, қаймақ араласқан жұқа нан) қапталады немесе арнаулы қағазбен оралады. Балмұздақ - жұғымды және адам ағзасына жеңіл, шөл басатын сіңімді тағам. Сүттен дайындалған балмуздақта А, В, Д, Е, ал жеміс-жидектен жасалған балмұздақта С витаминдері мол. Тарихшылардың айтуынша, балмуздақ осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Б.3.д 3000 жылдары Қытайда дастарханға апельсин, лимон, анар кесінділері араластырылған қар мен мұз қойылатын болған екен.

Ресейде сүтті мұздатып дастарханға қою - ежелден келе жатқан дәстүр. Олардың сүзбені, қаймақты муз қылып қатырып, жүзім мен қант қосатын тағамдары кең сұранысқа ие болып келеді. :: Жаз мезгілінде әлем бойынша әрбір үш секунд сайын балмұздақ сатылады екен. АҚШ-та жыл сайын әрбір азамат орташа есеппен 20 келі балмұздақ сатып алады. Тарихы Балмұздақ біздің елде ең қалаулы және тұрғындардың арасында әйгілі өнімдерінің бірі болып табылады. Бұл оның жағымды дәмді қасиеттерімен ғана емес, сонымен бірге оныҢ Жоғары азық- түлік және биологиялық құндылықтарымен бағаланады.

Балмуздақтың негізін салушылар деп, Кытайда осыдан 3000 жыл бұрын колданылған табиғи муз немесе тәтті косылған жеміс шырындарын есептеуге болады. Дәл осы қытайлықтардан жеміс шырынының мұзы түріндегі балмұздақтың құпиясы еуропалықтарға белгілі болды. Венециялық саяхатшы Марко Поло оның рецептурасын Орта ғасырлардың аяғында Қытайға саяхаты барысында алып келді. Кейіннен, селитрамен мұз қоспасының суыту қабілетін ашқан соң, жеміс шырындарын мұздату мүмкіндігі пайда болды. 1660 жылы италияндық Франческо Прокопио Парижде балмуздақ сататын дүкенін ашты. 16 жылна соң Парижде 250 ге жуық кондитерлер - балмұздақ дайындауыштар есептелді.

1660 жылы итальяндық Франческо Прокопио Парижде балмуздақ саудасын ашты. 16 жылдан кейін Парижде балмуздақ өндіретін кондитерлердің саны 250-ге дейін жетті XVIII ғасырдың ортасына дейін балмұздақты тек жазда сатқан, ал 1750 жылдае бастап Прокопионынң оқушысы де Бюисон жән басқа балмұздақшылар оны жыл бойы өндіріп, сатқан. Франциядан кейін балмүздақты Италия, Австрия және США-да өндіретін болған. Бірақ бұл уақытта балмуздақ қең сұранысқа ие болмады, өйткені өндірушілерді тәулік бойы салқындату мен қатыру жабдықтарымен қамтамасыз ету қиын болды. XIX ғасырдың соңында Тоңазытқыш машиналардың пайда болуы жағдайды біршама өзгерті.

1845 жылы ресейлік сатушы Иван Излерге "балмұздақты жасауға арналған машина" патенті берілді, бірақ ол жасырын түрінде және аз данада өндірілді. Ресейдегі балмұздақтың өндірicін 1932 жылдан басталды деп санауға болады. Мәскеудегі сүт комбинаты мен мұздатқыш N°2-де алғаш балмұздақ өндіретін цехтар ашылған болатын. 1945 жылы Барлықсоюздық ғылыми зерттеу институтын мұздатқыш өндірісінде (ВНИХИ) балмуздақты технололгиялық өндіру бойынша басты арнайы зертхана жасалған.

Балмуздақ тәтті сергіткіш өнім, бұл өнім қант және тұрақтандырғышпен сүтті немесе жеміс-жидек қоспаларды мұздату және қосыту арқылы алынады, ал кейбір түрлері дәмді және хош иісті толықтырғыштарын қосумен алынады. Балмүздаққа жоғары тағамдық құндылығы және жақсы адам ағзасында сіңірілу қабілеті тән. Бұл сүтті негізді алынған өнім құрамында, сүт майы, ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар, В, D, E, Р тобындағы А дәрумені бар. Балмүздақ құрамында, С дәруменіне бай, жемістер немесе жидектер болады және осы дәруменнің маңызды мөлшерінен тұрады. Сүт майы, белгілі болғандай, өзге тағамдық майлармен салыстырғанда құнды болып табылады.

Гиппократ деген кім?
Мүбәрәк зәмзәм суының қасиеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу