Алланың разылығы үшін жақсы көру дегеніміз не?

Oinet.kz 29-10-2019 8679

7336498.jpg

Махаббат – күшті эмоция, киелі сезім және жан тыныштығы, алайда бұл сезім көбіне ауқаттылық, байлық, мәртебе, сұлулық немесе құштарлық сияқты себептерге негізделіп кетеді.
Жұбайыңызды қай себепке бола жақсы көретініңізге байланысты, бұл қарым-қатынастан соншалықты қуаныш пен рахат алатын боласыз.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар» [30: 21].
Некенің басты мақсаты – ішкі жан-дүние тыныштығына кенелу және жұбайыңызбен үйлесімділік табу. Алла Тағала бізді жұбымызбен жаратып қана қоймай, сонымен қатар, қауіп-қатерге толы осынау әлемде тыныштық, жарасымдылық, жайлылық табуда жұбайларымызға қандай жар болуымызды да көрсеткен.
Шексіз бақытқа кенелетін отбасындағы ерлі-зайыптылар бір-бірін тек Алла разылығы үшін жақсы көретіндер.
Бір-бірін Алла разылығы үшін сүю дегеніміз не? Бұл дегеніміз – басқа адаммен қарым-қатынасыңызда Аллаға деген сүйіспеншілік пен бойұсынуды негіз етіп аласыз, яғни, біреуді қатты жақсы көргеніңіз сондай сүйіспеншілігіңіз бұл дүние шекарасынан шығып, ақиретте мәңгі сүйіспеншілікке айналып, Алла Тағаланың разылығына бөленуден рахат алуды қалауыңыз. Сіз жан-тәніңізбен шынай түрде жақсы көресіз, өйткені бұл махаббат сізге Алланы еске түсіреді және сізді Оған жақындатады. Сіздің қалаулыңызға деген сүйіспеншілігіңіз Алла Тағала алдындағы міндеттерді орындаудың себебі болып табылады.

Ер адамдар үшін ең ауыр сынақ
Өлген жүректің қайта тірілуі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу