Шариғат той мәселесіне не дейді?

Oinet.kz 04-11-2019 1785

Screenshot_16.jpg

Сахабалар кезінде де қуанышты сәттерде жас қыздардың өлең айтып, дабыл қаққаны айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Некені жариялаңдар, оны мешітте қиыңдар және дабыл қағыңдар», - деген.

Айша анамыз (р.а) Әсәд ибн Зурараның жетім қалған қызы Фариғаны (р.а) қамқорлыққа алып, тәрбиелеп өсірген. Бойжеткен кезде оны аңсарлық Нәбит ибн Жәбирге тұрмысқа береді. Қалыңдықты жұбайының үйіне апарып келген кезде, Алла елшісі келін түсірген жақтың қалай қарсы алып, не болғанын сұрайды. Айша анамыз: «Сәлем беріп, жақсылық пен береке тіледік», - деген кезде: «Келінмен бірге дабыл қағып, өлең айтатын бір қызметші қосып жібермедіңдер ме?» - дейді.

Осы және осыған ұқсас басқа хадистер де қуанышты айт күндері және басқа да мерекелерде шариғатқа қайшы келмейтін өлеңдерді айтып, көңіл көтеруге болатынын көрсетеді. 

Мұхаммед пайғамбар жайлы батыс ойшылдары не дейді?
Төрт құрбақа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу