Ең жақсы табыс

Oinet.kz 06-11-2019 1497

Screenshot_2.jpg

«Ешбір адам өзінің маңдай тері мен қол еңбегінен тапқанынан қайырлы ризық жемеген еді. Тіпті, Алла Тағаланың пайғамбары әзірет Дәуіт те(алейһис-сәлам) өз еңбегімен тамағын асырайтын».

Адам өзін және отбасын нәпақамен қамтамасыз етуі және қарызы болса, оны уақытылы өтеуге тырысып еңбек етуі - парыз. Отбасын нәпақамен қамтамасыз етуге қатысты болған сауда, егіншілік, өнер сынды салалар ең үлкен табыс көзі болып есептеледі. Бұлардың қай-қайсысымен болса да айналысып, қол еңбегі мен маңдай терін сарп етіп тапқан нәпақа - адал, әрі өте қадірлі болады. 

Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Қандай табыс адал әрі таза?» - деп сұраған кезде, «Пенденің қол еңбегімен тапқан табысы, шариғат құптаған әрбір сауда-саттық ең таза әрі барынша халал табыс болып саналады», - деп жауап берген. Сондай-ақ, «Ризықтың онда тоғызы - саудада...» деу арқылы сауданың үлкен күнкөріс көзі екеніне ишара жасайды. Тағы бірде парасат падишасы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Алла өзінің еңбегімен күн көрген құлын жақсы көреді» деп, күнкөріс үшін адал еңбек етіп жүрген адамдарды сүйіншілейді.

«Кәсіпкерлерге арналған 33 хадис» кітабынан

Төрт құрбақа
Жесір әйел мен жетім балалар сауабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу