Тұсаукесер тойының төркіні Исламмен байланысты

Oinet.kz 20-06-2017 1118

Screenshot_7.jpg

Дүниеге келген сәбидің азан шақырылып, ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқығанға дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміз исламнан нәр алғанын байқаймыз. Мәселен тұсаукесер тойының шығу тарихы мынадай: 

Ұлық Алла Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жіберіпті. Бір - бірін ұнатып қалған екеуіне Алла: 

- Некелерің қиылмай бір біріңе қосылмаңдар,- деп ескертеді. Күндер өте сезімдеріне ерік беріп, қосылып қойған Әбілет пен Тәбілет ең алғаш зинақорлықтың пайда болуына себепші болады. Некесіз қатынастан дүниеге Ібіліс келеді. Адам ата мен Хауа ананы жерге жіберер кезде Ұлық Алла оларға ескертіп: 

- Некелерің қиылмай қосылмаңдар,- дейді. 

Алайда, ол заманда Ібіліс малғұн атанып, тура жолдан тайдыруға серт берген кезі екен. Жаратушы Жәбірейілге: 

- Адам мен Хауаның аяғын тұсаула, жерге табандары тиген соң тұсауларын кес,-дейді. Жерге түскен соң тұсауларын кесіп некелерін қияды. Кейін бұл оқиға дәстүрге айналған. Содан бастап жаңа туған баланың табаны жерге тиер кезде тұсауын кесіп, күрмеуін шешеді. «Баламыз алғаш қара жерге қадам басты, тура жолдан таймасын» деп ырымдайды. 

Дін мен ұлттық мүддені аталарымыз ешқашан бөліп қарамаған. Ол ұстанымды бүгін бөлудың қажеті жоқ. Тіл, дін және дәстүр үштігінің бірлігін берік қалыптастырған рухани күшті тұлғалардан құралған ұлт қана, жаһандану тасқынындағы түрлі толқындарға қарсы тұра алады. 

Назерке Ғайбуллаева,

ХҚТУ журналистика факультетінің 2-курс студенті

Балаңыз ауырса мына дұғаларды оқыңыз
Марқұмның атынан құрбан шалуға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу