Марқұмның атынан құрбан шалуға бола ма?

Oinet.kz 22-11-2019 1785

Screenshot_2.jpg

Кез келген адамның дүниеден озған туысына немесе қадір тұтқан кісілеріне сауабын бағыштау ниетімен құрбандық мал шалуына болады. Бірақ мойнына құрбандық шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиіс. Осыған дәлел ретінде Әбу Дәуд өзінің “Сунән” атты еңбегінде “Қайтыс болған кісінің аты-нан құрбандық шалу” деген бөлімінде мына хадисті келтіреді:

“Әзіреті Әли (р.а.) біреуін өзі үшін, екіншісін Пайғамбарымызға атап екі құрбандық шалатын. Мұның себебін сұрағандарға ол: “Алланың Елшісі кеу¬дем¬де жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық ша-луымды өсиет етіп кетті”, – деп жауап бер¬ген екен”.

Бұл жерде мына мәселеге де басты мән беру керек; егер қайтыс болған кісі өз аты¬нан арнайы құрбан шалуды өсиет етіп ай-тып кеткен болса, бұл құрбандық осы айт күндері шалынуы тиіс. Құрбандық шалған адам оның етін жей алмайды. Оның етін то-лығымен таратуы керек. Егер қайтыс болған кісі арнайы өсиет етпей, бірақ сөйте тұра оның артынан қалған дүние-мүліктен алы-нып құрбан шалынса да оның үкімі де әлгіндей болады.

Ал марқұм өсиет етпеген, бірақ сіз ізгі ниетпен өз қаражатыңызға мал сатып алсаңыз оны Құрбан айт күні, немесе басқа кез келген уақытта шалуға болады. Мұндай құрбандықтың етін жоқ-жітікке таратуға да, өз отбасыңызға да қалдыруға болады.

Тұсаукесер тойының төркіні Исламмен байланысты
Құрбандық шалудың шарттары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу