Балаңыз ауырса мына дұғаларды оқыңыз

Oinet.kz 15-11-2019 37570

Бала ауырса ата-ананың жүрегі ауырады.  Ауырған балаңызды өзіңіз дем салып, емдей біліңіз. Баланың басын не ауырған жерін ұстап отырып төмендегі сүрелер мен дұғаларды оқисыз және әр сүре аяқталған кезде балаға сүф деп үрлейсіз:

нәресте.jpg

1. «Фатиxа» сүресін 7 рет оқу;

2. Аятул Курсиді («Бақара» сүресі, 255-аят) 3 рет оқу;

3. «Кәфирун» сүресін 1 рет  оқу;

4. «Ықылас» сүресін 3 рет оқу;

5. «Фәләқ» сүресін 3 рет оқу; .

6. «Нас» сүресін 3 рет оқу.

Кейін мына дұғаларды оқыса болады:

1)  Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ

Мағынасы: Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ, әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын.

2) Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақаман.

Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – Шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер!

3) «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, бийәдикәш-шифәә, лә кәшифә ләһу иллә Әнтә

Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ.

Перзент сүю дұғасы
Тұсаукесер тойының төркіні Исламмен байланысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу