Отбасыңызды көз тиюден сақтайтын дұғалар

Oinet.kz 11-05-2020 1728

Адамға, жануарға, тіпті жансыз нәрселерге де көз тиеді. Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіреді де. Әйелдерге және кішкентай балаларға көп әсер етеді.   Пайғамбарымыздың заманында Әсәд ұлдарынан көзі тиетін біреу болған. Үш күн ешнәрсе жемей кейін сыртта өтіп бара жатқан түйеге қарап «мына сияқты күшті түйе көрмедім» деп айтуымен түйе жерге құлап ауырып қалатын еді. Мүшриктер бұл адамды тауып пайғамбарымызды көзімен өлтіруін сұрайды. Хақ та’ала расулуллаһ алейһиссаламды оның көзінен сақтады. Бұл турасында Қалам сүресінің «Кәпірлер сені көздерімен құртпақшы болды.» деген 51-ші аяты түсті.   

image.png

 Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Көз тиюі хақ.» (Муслим)   

 «Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді.» (Ибни Ади)   

 «Адамдардың жартысы көз тиюден өледі.» (Табарани)   

 Көз тиген адам төмендегі дұғалардың бірін немесе барлығын оқуы керек: 

 1- Фатиха, Аятүл-күрси, Кәфирун, Ихлас, Фәлақ, Нас сүрелерін 7 реттен оқып ауру адамға үрлесе, дуаланған, көз тиген және басқа да барлық аурулар үшін жақсы болады. Тұзға оқып, сол тұзды суға ерітіп ішуге де болады. Бір хадис шәрифте: «Фатиха мен Аятүл-күрсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді» делінген. (Дәйләми)   

 2- Бір хадис шәрифте: «Таңертең және кешке (бисмилләһпен) 3 рет “Бисмилләһилләзи лә ядурру мә’асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәмаи уә һуәссәмиул-алим” дұғасын оқыған адам дуаланудан және көз тиюден сақталады.» делінген (Ибн Мажә)   

 3- Аятул-күрси, Фатиха, Фәлақ, Нас сүрелерін және Қалам сүресінің соңын оқып жүру өте жақсы болады. (Мәдариж)   

 4- Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” Фәлақ және Нас сүрелерін оқып былай деді: «Осы екі сүремен (бәлелерден, көз тиюінен) қорғаныңдар! Ешкім ешнәрсемен осы екі сүремен қорғанғандай қорғана алмайды.» (Әбу Дауд)  

 5- “Әузу би-кәлимәтилләһиттәаммәти мин шәрри күлли шәйтанин уә хаммәтин уә мин шәрри күлли айнин ләаммәтин” дұғасын таңертең және кешке 3 мәрте оқып өзінің үстіне немесе ауырып қалған адамның үстіне үрлесе көз тиюінен, жыннан, шайтаннан және жануарлардан келетін зияндардан қорғайды. (Мәуахиб)  

 6- Пайғамбарымыз “алейһиссалам” көз тиген адамға “Аллаһүммә барик фиһи уә лә тәдарруһу” дұғасын оқитын еді. (Ибн Сүнни)   

 7- Әрбір адам, әсіресе көзі тиетін (өтетін) адам бір нәрсені көріп, оны ұнатса “Машааллаһ” деп айтуы керек, айтатын сөзін одан кейін айтуы керек. Бірінші көрген сәтте “Машааллаһ” деп айтса көзі тимейді. Хадис шәрифте: «Ұнатқан нәрсені көрген кезде “ Машааллаһ лә қууата иллә билләһ” деп айтса ол нәрсеге көз тимейді» деп айтылған. (Бәйһақи)   

 8- Көз тиюден қорғану үшін “аяти хырз” деп аталатын аяттарды оқу керек және өзімен бірге тұмар қылып алып жүру керек.   

 9- Хазреті Ибн Абидин “Рәддул-мухтар” кітабында былай дейді: “Көз тимеуі үшін егіншілік жерге тұлып (чучело), малдың бас сүйегін қою жаиз. Бір әйел бақшасындағы өнімдеріне көз тимеуі үшін не істейтінін сұрағанында расулуллаһ “Бақшаңа малдың бас сүйегін іл” деп бұйырады. Өйткені бас сүйек биікте, ерекшеленіп бірден көзге түседі. Бақшадағы егінді кейін көреді..” Көзмоншақ таққан адам егер осы мақсатта тағатын болса жаиз болады.   

 10- Тиуәлә, тәмимә және әфсун жаиз емес. Мағынасыз немесе күпірлікке себеп болатын руқя (дуа, сиқыр) сөздерін оқу әфсун деп аталады. Осы нәрсе көз тиюден қорғайды деп сенілетін көзмоншақтар тәмимә (талисман) деп аталады. Махаббат бойтұмары деп аталатын, ішіне жұбайының сүйіспеншілігін тарту үшін дуа, сиқыр сөздерін жаздыру және оған сену тиуәлә деп аталады. Руқя дегеніміз оқып үрлеу немесе өзімен бірге алып жүру деген сөз. Руқя Құран аяттарымен және хадистерде білдірілген дұғалармен жасалса, тауиз деп аталады. Тауиз жасау жаиз. Хадис шәрифте: «Емнің ең жақсысы Құран кәрім» делінген. (Ибн Мажә)   

 11- Хазреті Имам Раббани шәкірттерімен жол жүріп бара жатып бір жерге қонақтайды. Хазреті Имам Раббани: «Түнде бір пәлекет келеді. (Бисмилләһпен) “Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим” дұғасын 3 мәрте оқыңдар.» дейді. Сол түні үлкен өрт шығып, барлық бөлмелердегі заттар жанып кетеді. Ал дұғаны оқығандарға ешнәрсе болмайды. Дерт, пәлекет, фитнә, сырқат, көз тиюі, сиқыр және залымдардың қастандығынан қорғану үшін таңертең және кешке хазреті Имам Раббанидің айтқанын еске түсіре отырып осы дұғаны 3 мәрте оқу керек. Хадис шәрифте де былай делінген: «“Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим” дұғасын таңертең 3 мәрте оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін пәлекет келмейді» (Ибн Мажә) 

Отқа күймейтін адам
Кешкісін мешіттің алдында болған оқиға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу