Отқа күймейтін адам

Oinet.kz 06-05-2020 1966

Бір темір ұстасы балқыған темірді қолымен ұстай алатын. 

Одан: Мұндай дәрежеге  қалай жеттің?, - деп сұрайды. 

Screenshot_7.jpg

Темір ұстасы: Бір әйелді ұнатып, онымен жақындасқым  келді. Жақындасу үшін әйелге ақша  ұсындым. 

Әйел: Күйеуім бар, ақшаға  мұқтаж емеспін, - деп жауап берді. 

Біршама уақыттан кейін әйелдің күйеуі қайтыс болды. Ол әйелге маған күйеуге шығуды  ұсындым. Әйел балаларын ренжіткісі  келмейтінін айтып, бас тартты. Біраз уақыттан кейін әйел қатты мұқтаждыққа  түседі. Әйел хабарласып, көмек сұрады. 

Әйелге: Айтқанымды орындамадың, ештеңе бермеймін, - дедім .

Әйел қиын  жағдайда болғасын ұсынысымды  қабылдауға мәжбүр болды. Оңаша қалған кезде әйел дірілдей бастады. 

Оған: Не  болды, неге дірілдеп тұрсың ? - дедім. 

Әйел: Бізді естіп, көріп тұрған Алладан  қорқамын, - деп жауап берді. Әйелдің сөзін  естіп, еркіне жібердім. 

Әйел мен үшін дұға  жасап : Алла сені оттан қорғасын!, - деді. 

Сол уақыттан бастап от мені жандыра алмайды. Ақырет күні де оттың мені күйдірмеуінен Аллаға сиынамын. (Рухуль - Байан 2/149)

Тағылым: Алладан қорқып, харамнан бас  тартқан адамға Алланың үлкен сыйы бар. Алла Құранда : Алладан қорқып,  құмарлықтан бас тартқан адамның тұрағы  Жәннат, - дейді.

Әруақтарға құран бағыштау қайдан шыққан?
Отбасыңызды көз тиюден сақтайтын дұғалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу