Бүкіл ғаламатты Құдай жаратқан болса, демек, зұлымдықты да жаратты...

Oinet.kz 12-08-2019 1211

Screenshot_4.jpg

Профессор «Құдай жоқ» деген сенімін дәлелдемек болып шәкірттеріне сұрақ қояды: 

- Бүкіл ғаламатты Құдай жаратты ма?

 Студенттер «Ия!» деп жарыса жауап береді.

- Егер, Құдай барлығын жаратса, демек ол - зұлымдық атауын да жаратты. Өйткені, Құдай бар, делік. Демек, ол - залым, қатігез. 

 Студенттер жауап таппай, үнсіз қалды. Сонда бір студент қолын көтеріп:

- Профессор, айтыңызшы, суық бар ма? 

- Әрине, бар. Соны да білмеймісің? 

- Шын мәнінде, мырза, суық жоқ. Физика заңдарына сәйкес, біз, суық деп санайтын нәрсе - бұл жылудың болмауы. Адамда яки затта энергияның барын не берілмейтіндігін зерттеуге болады. Яғни, абсолютті нөл (фаренгейт -460 градус) - бұл жылудың жетіспеуі. Суық жоқ. Біз бұл сөзді - жылу болмаған кезде сезіну үшін ойлап таптық.

 Шәкірті сөзін жалғастырды

- Қараңғылық бар ма?

- Қараңғылық? Бар, әрине. 

- Сіз тағы да қателестіңіз. Қараңғылық та жоқ. Қараңғылық - бұл шын мәнінде жарықтың болмауы. Біз қараңғылықты емес, жарықты оқи аламыз. Ньютон заңын қолдана отырып, ақ түсті өзге түстерге бөліп, әр түстің әртүрлі ұзындықтарын зерттеуге болады. Сіз қараңғылықты өлшей алмайсыз. Қарапайым жарық сәулесі қараңғылық әлеміне еніп, оны жарықтандыруы мүмкін. Кез-келген кеңістіктің қараңғы екенін қалай білуге болады? Сіз жарықтың қаншалықты берілгенін өлшейсіз. Солай емес пе? Демек, қараңғылық - бұл адам жарық болмаған кезде не болатынын сипаттау үшін қолданатын ұғым. 

- Сонымен, зұлымдық бар ма?

- Зұлымдық бар. Қоғамдағы қатігездік, сараңдық, өлім-жітімдер зұлымдық емес пе? 

- Жамандық жоқ, мырза. Құдай зұлымдықты жаратпады. Жамандық - бұл жарық пен жылу сияқты  сенім мен махаббат емес. Жамандық - адамның жүрегінде Құдайдың сүйіспеншілігінің болмауы. Бұл жылу болмаған кезде пайда болатын суық сияқты немесе жарық болмаған кезде пайда болатын қараңғылық сияқты, - деп жауап берген  студент - Альберт Эйнштейн, деседі. 

Ахметжан Керімбек: «Дін түзелмей қоғам түзелмейді»
Не үшін үйлену керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу