Әлішер Каримов: «Мен ақшаны санамаймын, шашамын» (видео)

Oinet.kz 10-12-2019 4915

Отандық танымал әнші Әлішер Каримов «Oybay Show» жобасына берген сұхбатында пластикалық операция жасатқанын ашық айтты, деп жазады Oinet.kz.

Әлішер Каримов.jpg

Жақында ғана Кореяға операция жасатуға барған әншіге тыңдармандары алаңдаушылық білдірген болатын.  Бүгінде Каримовтың денсаулығы жақсарып, сахнаға қайта оралды.

Хирургиялық операциядан бөлек пластикалық операция көмегіне жиі жүгінетін жасырмады. 

«Мен сахнаның адамымын. Әннен бөлек киген киімін, бет-әлпетіне де көңіл бөлу керек. Көзімді, мұрнымды жасаттым. Әлі де бет әлпетімді өзгерткім келеді», - дейді әнші.

Оны артық шығын деп санамайсың ба?, - деген Сапарбайұлының сұрағына:

«Мен ақшаны шашқанды жақсы көремін. Ақшаны санамаймын. Шашатын жерлер көп. Көзге 5000 доллар, омыртқама - үлкен екі үй алатын ақша кетті», - деді Каримов. 

Сұлтанқызы: «Үндемегенімді үлкендігім деп қабылдаңыздар»
Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу