" />

" />

" /> Әлішер Кәрімов пен Amre "Ресей дауысының" келесі кезеңіне шықты-Жаңалықтар

Әлішер Кәрімов пен Amre "Ресей дауысының" келесі кезеңіне шықты

Oinet.kz 27-11-2021

Қазақстандық әншілер Әлішер Кәрімов пен Amre атымен танымал Ернар Сәдірбаев "Ресей дауысы" шоуының оныншы маусымындағы жекпе-жек кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Әлішер Кәрімов Александр Градскийдің командасында Полина Клинниковамен дуэтте The Prayer композициясын орындады.

- "Әлішердің орындауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір уақытта тембрлерді, дауыс күшін қалай көрсетуге болатынына таңмын, шынын айтқанда, бұл қиын. Мен не істерімді білмеймін, бірақ Әлішер, әрине, керемет музыкант", - деді Дима Билан.

Команда тәлімгері Александр Градкий келесі кезеңге Әлішерді өткізді.

Дима Биланның командасынан Ернар Сәдірбаев сахнаға Рустим Бахтияровпен дуэт болып шықты. Олар "Мне с детства снилась высота" әнін шырқады.

- "Мен бұл әнді 41 жыл бұрын, 1980 жылғы Олимпиадаға арналған фильм үшін айтқанмын. Жігіттер, сендер, бүгінгінің адамдары, құқықтарың бар. Шынымды айтсам, маған ұнады", - деді Александр Градский.

- "Менің ойымша, Ернармен бұдан да қызық музыканы таңдауға болады", - деп тәлімгер Дима Билан қорытындылады да, келесі кезеңге қазақстандықты таңдады.

Әйгерім Қалаубаева ер жеткен ұлын көрсетті (видео)
2022 жылы балаларға арналған жәрдемақы қаншалықты өседі?


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×