Әбунасыр Серіков неге алаяқ атанды?

Oinet.kz 06-02-2020 1614

Әбунасыр Серіков жарнамалаған лоторея ойыны алаяқтар болып шықты, деп жазады Oinet.kz порталы ntk.kz-ге сілтеме беріп. 

лоторея.jpg

30.01.2020 жылы инстаграм арқылы лотерея ойнатылды. Ол лотерея өтірік өткізіліп, алаяқтар болып шыққан.

Алданған қалың көпшілік:

«Алаяқ! Әділ өтпеді. Билеттер қайда?», - деп Серіковты сұрақтың астына алуда.

Әзілкеш ойынның амбассадоры ретінде жарнамалауға келіскен екен. Бірақ ол да, оның әкімгері де соңы осындай болады деп ойламапты. Серіковтың денсаулығына байланысты барлық сұраққа көмекшісі Әбілқайыр Ахметов жауап берді. Ол лотерея ұйымдастырушысына жіберген аудиожазбасымен бөлісті.

Әбілқайыр Ахметовтың, ұйымдастырушы Нұрболат Демеуұлына:

- Нұреке, сіз көбісіне ақша қайтармай жатсыз. Неге қайтармай жатырсыз? Олар бәрі арызданамыз деп тұр. Егерде сіз де қайтармасаңыз, біз де өзіміз арызданамыз. Бұлай істеген дұрыс емес, - whatsapp желісі арқылы жіберген жазбасына:.

Бірақ лотерея ұйымдастырушысы Нұрболат Демеуұлы елдің ақшасын бастан-аяқ қайтарып жатқанын, тек үлгеру жағы оңай емес екенін түсіндірген. 

Айта кетейік, бірнеше айдың ішінде 5000-ға жуық билет сатылып кетіпті.

Кейін бағдарлама тілшісі де Нұрболат Демеуұлымен байланысқа шыққан болатын. Бірақ ол қазір уақыттың жоқтығын сылтауратып, барлық ақшаны қайтарып болған соң ғана мән-жайды түсіндіріп беретінін жеткізген.

«Қалаулым» қатысушысы алкогольді ішімдік ішетінін жасырмады
Брэд Питт Оскар жүлдесін иеленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу