«Сенен мұндайды күтпедім» Жеке шығармашылығына қайта кіріскен Жанар Дұғалова сынға ілікті

Oinet.kz 22-01-2020 2025

Таяуда әнші тың бейнебаянының түсірілім жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Жанар Дұғалова.jpg

Жанар Дұғалова араға біршама уақыт салып, жеке шығармашылығына қайта кіріскен. Алайда әнші Instagram парақшасында түсірілім сәтінен бейтаныс жігітпен аймаласқан сәтінен үзінді жариялап, жұрттың ашуын тудырып алды. Жүктелген бейнероликті көрген желі қолданушыларының бірқатары өнер иесін жақтаса, енді бірі кереғар пікірлерін жаудырды.

«Жанар, сені де қазақтың қызы деп айтады-ау! Бүлінген қыз», Неде болса, ұят болған екен», «Осылар сүйіспесе клип түспей ме?», «Өнеріне әңгіме жоқ, бірақ ашық-шашық киіну біздің менталитетке жат», Сізге көңіл жетпей жүр ме? Аймалайсыз да жүресіз», «Сенен мұндайды күтпедім», «Жабыспай түсуге болмай ма?», – деді оқырмандары.

Өнер иесінің «Ақымақ болма» аты әніне таспаланған клип, жақын арада көпшілік назарына ұсынылмақ. Бүгінгі күні тек тизері тыңдармандарына таныстырылды. Режиссері – Ернар Нұрғалиев.

Димаш сахнада виртуалды жұлдызбен ән шырқады
Жеңістен кейінгі айыппұл. Ресейліктер «Айка» фильмінің режиссерін не үшін жазалады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу