Димаш сахнада виртуалды жұлдызбен ән шырқады

Oinet.kz 24-01-2020

Димаш Құдайберген Қытайда миллиондаған жанкүйері бар жұлдыз-голограмма Ло Тяньимен бірге қытайша ән шырқады

Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген Қытай телеарнасының эфирінде өнер көрсетті. Ол сахнада аниме-әнші Ло Тяньимен (Luo Tianyi) бірге ән шырқады.

Димаш

Бұл музыкалық номердің видеосы әншінің түрлі пабликтері мен фан-топтарында жарияланды.

Ло Тяньи есімді голографиялық әнші Қытайда өте танымал. Ол аниме кейіпкеріне ұқсайды, ал оны жасау үшін 200 адам жарты жыл бойы еңбектенген екен.

Оның жергілікті әлеуметтік желісіндегі парағына шамамен үш миллион адам жазылған. Ол мыңдаған көрермен жинап, концерттер де ұйымдастырады екен. Әншінің жанкүйерлерін оның шынайы өмірде жоқ екені де аса мазаламайтын сияқты.

Видеоға сілтеме.

Димаш Құдайбергеннің сүйіктісі кім?
«Сенен мұндайды күтпедім» Жеке шығармашылығына қайта кіріскен Жанар Дұғалова сынға ілікті

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×