Димаш Қайратты өнер сахнасынан шетке сырды

Oinet.kz 21-02-2020 9488

Димаш Құдайбергенов әлемдік сахнаға көтерілгелі Қайрат Нұртастың концертін тамашалап, әнін тыңдаушы тыңдармандардың қатары азаюда. Бүгінде, Қайраттың өнер сахнасына сирек шығуы тыңдармандарға деген өкпе-ренішінен туындады ма екен? Әйтеуір, KN-ды киелі сахнадан табу қиынға соғуда. Тіпті, тыңдармандардың өзі Қайраттың концертіне бармаймыз деп пікір білдіруде. Бұл туралы Shownews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz  хабарлайды. 

b716760e-fda2-4ace-b8e0-9ae1320ac7d4.jpg

Көпшіліктің пікірінше Димаш Қайратты шетке сырған. Тіпті әлеуметтік желіде қос өнер командасының иелері қандай жаңалық жарияламасын жұрт екіге бөлінуді әдетке айналдырған. Одан бөлек екі қазақ әншісінің де вокальдық деңгейін талқыға салады. 

- Эстрадада Димаштың даусындай қылып  дауысты бәріне бере беру мүмкін емес. Ол Димаш 1000 жылда бір келетін бала. Димаш сияқты дауыс иесі болу мүмкін емес. Өйткені, тағы да айтамын "Димаш мың жылда бір келетін адам".Сондай талант ол, - дейді Жеңіс Ысқақова. 

Ысқақова ханымның сөз ыңғайына қарасақ Димашқа деген құрметі тым ерекше сыңайлы. Алайда, тыңдарманның мұндай пікірлерінен екі әншінің де шығармашылығы тоқтап қалмақ емес. 

Динара Сұлтан: «Перзентханадан шығарда арнайы фотосет жасатып, журналистерге сұхбат бергім келмейді»
Али Оқапов елден не жасырып жүр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу