Жаңа заң! Эстрада жұлдыздары енді фонограмма қолдана алмайды!

Oinet.kz 21-02-2020 8995

Фонограммаға жол жоқ! Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова заңға енгізілетін жаңа өзгерістер жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz порталы ntk.kz-ке сілтеме беріп.

Төреғали.jpg

Эстрада жұлдыздары енді фонограмма қолданатын болса, міндетті түрде ескертуі тиіс. Концерттің алдында, тіпті билет сатылатын кассада да орындаушының жанды дауыста айтпайтыны жайлы тыңдарманға хабар берілуі керек.

Ал Мәдина Сәдуақасова елді елең еткізуге құмар. Бұл жолы әнші шоу-бизнестегі сымбатты серімен дуэт орындамақ. Алайда Сәдуақасова ханым, оның әзірге кім екенін жасырып қалды. Суреттегі бұл жігітті желі қолданушыларының біразы Қайрат Нұртас деп шешсе, енді бірі «Азия»-лық Ринат Баситов деп топшылауда.

Сабинка келіннің құрбысы Айнұр Ілиясова болса, отбасымен Үндістанның Гоа аралында демалып жүр. Сүйікті жарын көптің көзінен тасада ұстағанды ұнататын актриса, бұл жолы алыстан болса да Рамазан мырзаны көрсетіп қойды. Сондай-ақ, желі қолданушылары Ілиясованы үндістерден аумай қалған деп пікір қалдырған.

Айнур Нурсеитова: «Үшінші күйеуімді екі жыл асырадым»
Нұрболхан «Қалаулымның» артында кім тұрғанын анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу