Ринат Зайытов өзінің гонорары туралы ағынан жарылды

Oinet.kz 04-03-2020 1050

Отандық танымал ақын Ринат Зайытов табыс көзі мен өз гонорары туралы бар шындықты айтты. Белгілі айтыскер бүгінде қазақстандық өнер иелерінің әндеріне сөзін жазып, ақша тауып жүр. Алайда, бір өлеңнің ақысы тек оның бір өзіне ғана тимейтін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Картинки по запросу "ринат зайытов"

Ринат Зайытов бір әнді жазуға жалғыз өзі ғана емес, бір шығармашылық топ атсалысатынын алға тартты. Олар ортақ баға үлес туындыны жазу үрдісіне үлесін қосқан әрбір адамға төленетінін айтты.

"Осынша ақшаға жазылады деген жоқ. Біз студияда жалпы бір әннің ортақ бағасын шығарамыз. Оның ішінде өңдеушінің еңбегі, композитордың еңбегі, ақынның еңбегі де бар. Сол ол жерде жұмыс істеп жатқан балалардың қазақша айтқанда "нан, шайы ғой". Күнделікті отбасын асырауы. Болды басқа ештеңе емес" , - деп қысқа қайырды ақын.

Журналистің сұрағына нақты жауап бергісі келмеген айтыскер өзіне ғана тиесілі болатын гонорарын құпия сақтағысы келген көрінеді.

Гүлзира Айдарбекова: «Түбі қайтадан шығады деп ойлаймын»
Жасарған образдағы Нұрғали Нүсіпжановты жұртшылық танымай қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу