Нұрболат Абдуллин халықтың қошеметінсіз онлайн-концерт беруді құптамайтынын айтты

Oinet.kz 30-03-2020 1174

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин карантин уақытысында онлайн концерт беріп жүрген өнердегі әріптестері туралы пікір білдірді. Эстрада өкілі жанкүйерлерін көзбен көрмей әрі олардың қошеметінсіз ән кешін беруді құптамайтынын кесіп айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

unnamed (1).jpg

Елімізде коронавирус салдарынан орын алған жағдайда әншілер қауымы жаппай желі арқылы концерт беруге көшті. Алайда, олардың бұл бастамасын Нұрболат Абдуллин құптамайтын болып шықты. Өнер иесі Instagram парақшасында әріптестері секілді тыңдармандарынсыз өтетін онлайн концерт бергісі келмейтінін жеткізді.

- "Онлайн концерт беру деген шығып жатыр екен. Заманнан қалып қойсам да мен олай жасамаймын. Алла басыңа салса көнесің де, көресің. Бірақ бетін аулақ қылсын деп тілеймін. Сахнада көрермен қошеметі мен ықыласын көзбен көріп,жүрекпен сезінгеннен артық әнші бақыты бар ма сірә да" , - деп жазды Абдуллин. 

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар әншілер онлайн концерттер бере бастағанын жазған болатынбыз. Алғашқылардың бірі болып, ел алдына шықпай кеткен Жұбаныш Жексенұлы өз тыңдармандарын қуантты. Одан кейін бұл бастаманы Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев жалғастырған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына туған ауыр жағдайда ел еңсесін көтерген әртістерге өз алғысын білдірді. 

Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар екі рет үйленеміз дегенде той болмады
Карантинде отбасымен билеген Қайрат Нұртас елді тәнті етті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу