«Тұрсынбектің концертінен соң актерлерге ұрыстым» - Нұржан Төлендиев

Oinet.kz 29-05-2020

Белгілі қазақстандық әзілкеш Нұржан Төлендиев Тұрсынбек Қабатовтың театрындағы әртістің актерлық шеберлігіне таңданатындығын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. Бұл туралы ол Тұрсынбек Қабатовпен болған желідегі тікелей эфир барысында айтты. 

image.png

Төлендиевтің айтуынша, ол Тұрсынбектің театрына, оның басшылығына, қоластындағы актерлердің шеберлігіне тәнті болып жүреді. Оның актерлерін нұсқап, өз қызметкерлеріне ұрсатынын жасырмады. Қызығы Тұрсынбекте те солай ететін көрінеді. 

- "Мен керісінше сенің театрыңа қызығамын. Әр ойыншыға, рольге мән беремін. Өз актерлеріме сендерді нұсқап ұрсамын деп күлді", - деді Қабатов. 

- "Бірде Тұрсынбектің концертіне бардық. Үйге келген соң актерлерге әбден ұрыстым. Тұрсынбектің актерлері қалай сөйлейді? Қалай рольді алып шығады? Қалай дайындалады? Қалай өзін өзі ұстайды? деп айқайладым", - деді Төлендиев. 

Марат Омаров некесіз туған немересімен кездесті (видео)
Меруерт Түсіпбава анасынан кешірім сұрады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×