Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты сот үкімі шықты

Oinet.kz 23-11-2021

Елорда соты Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде жалған құжат жасады деп айыпталған білім беру орталығының басшысына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Oinet.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

fbf.png

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты жалған құжат жасады деп айыпталған "140+1 білім беру орталығының" басшысы Нұрбек Қанайға қатысты үкім шығарды.

- "2021 жылдың жазында оқушыларға ҰБТ-дан жоғары балл жинап беріп, білім беру орталығының атын шығару мақсатында кеңсе техникасын пайдалана отырып, тестілеуден өтіп жатқан төрт мектеп түлегінің жеке куәліктеріндегі фотосуреттерді ҰБТ-ға дайындалып жатқан басқа тұлғалардың фотосуреттеріне ауыстырған", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, тәркіленген кеңсе жабдықтарымен, жалған құжаттармен, жеке куәліктердегі фотосуреттерді ауыстыру туралы сот-техникалық қорытындылармен дәлелденді.

Сот жазаны жеңілдететін шын жүректен өкіну сияқты мән-жайларды назарға алды.

Нәтижесінде сот Қанайға пробациялық бақылау орната отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

ҰБТ-да болған дау

Биыл маусым айында әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды деген ақпарат тарады. Осы ақпаратты жариялаған заңгер Абзал Құспанның айтуынша, ҰБТ-ны Әдемі Аманғалидың орнына университеттің 2-курсында грантта оқитын студент тапсырған.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті 13 маусым күні болған оқиғаны растады. Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Артынан Тұрсынбек Қабатовтың өзі әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі де, отбасы да алаяқтық туралы білмегенін, бұл тестке дайындайтын орталықтың ісі екенін айтты.

Танымал актер 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін (фото)
Жүнісова Заманбек Нұрқаділов туралы: «Жүріп жүрген жігітімнің көзін құртып жіберді» (видео)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×