«Қожа болғанымен рухы таза қазақ» - Төреғали Әбдіжаппар Әлқожа туралы

Oinet.kz 02-06-2020 2504

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өнердегі әріптесі Әбдіжаппар Әлқожаны жаңа жасымен, жекеменшік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында әзіл мен тілекке құралған жазба арнады. 

image.png

- Айналамызда жақсы адамдар көп қой, біріне қарап бой түзейсің, біріне қарап ой түзейсің , ал кейбіріне қарап кәдімгідей қуат аласың. Әбжик досым, құрдасым осы соңғы қатарды толықтыратын сияқты. Көп адамдар Әбдіжаппарды сахнада ғана позитивті көңіл-күйде жүреді деп ойлауы мүмкін, олар қателеседі. Бұл жігіт жылдың төрт мезгілі сияқты көңіл-күйдің де төрт мезгілінде де жаздай жадырап жүреді, үнемі біреулерді еркелетіп, біреулерге еркелеп жүреді. Жанып тұрады. Қожа болса да қолы ашық. Әзіл әрине, жалпы Қожа ағайынның қазақ тарихынан алатын орнын ешкім жоққа шығармайды. Оны әрі-бері тарта беретін ештеңесі жоқ. Соны айтам деп басы дауға қалған кезі де жоқ емес. Осы досымның түрі де, тілі де, үні де, кейде шығарып тұратын "шуы" да өзіме ұқсап қалған, - дейді әнші. 

Әбдіжаппарды ерекше құрметтейтіндігін жеткізген әнші, оның Қожа болғанымен рухы таза қазақ екендігін жеткізді.

- Енді есейіп келе жатырмыз ғой, алдағы қадамдарымыз даналық пен ізгілікке қарай болады деп сенеміз. Сіздер де сеніңіздерші Әбжиктің руы Қожа болғанымен рухы таза қазақ. Әйтпесе екеуміз бірге шырқаған "Мен қазақтың баласы" деген ән хит болар ма еді. "Мен Қожаның баласы" деп тұрса не істейсің. Әзіл әзілімен, Әлқожа әулетінің ән ғұмырын абыроймен жалғап келе жатқан ақкөңіл, мәрт, адал, талантты досыма бақ, дәулет, қос дүниенің абыройын тілеймін. Қос дүниені бізден артық ойлайды өзі де, әйтпесе менің туған жерім Қызылорданың бір түкпірдегі ауылына барып мешіт салып кете ме?! Мен енді осыған ерегіскенде Шымкенттің бір ауылынан мешіт салып кетем-ау. Шіркін, қалжың болса да орындалса екен осындай арманым! Мешіт салу да әрбір адамға нәсіп бола бермейді. Джафа досым, қай жасқа болса да ақ жүзді, абыройлы болып жет, біз сені жақсы көреміз. Бал ғұмырың біз ұстап тұрған балмұздақтай тәтті болсын, бірақ ызғарлы болмасын, аман бол! Бір күн кешікті деп айып етпе, мынадай тілекті бір ғасыр күтуге де болады ғой десең, - дейді Төреғали Төреәлі. 

Димаш Құдайбергенов қашан үйленбекші?
«Қайрат Нұртастың әндерін тыңдап қазақ тіліне ғашық болдым» - түрік қызы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу