Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіков бір-бірін қалай еркелететінін айтты

Oinet.kz 04-06-2020 2664

Қазақ эстрадасының танымал мүшесі Тоқтар Серіков балалық шақтан бірге өскен жан досы Мейрамбек Беспаевпен кездесіп жансырын ақтарды, деп хабарлайды Oinet.kz.

 image.png

- "Бүгін Жанар әпкемізбен кездесіп үлкен әңгіме дүкен құрдық. Мейрамбек менің сонау бала күнімнен бірге келе жатқан досымғой. Аллаға шүкір сендей досымның барына. Баяғыда Мейрамбек екеуіміз көп нәрсені армандайтынбыз. Сол арманың ең үлкені елдің ішінде абыройлы болсақ деушек. Алла дегенімізге жеткізіп,арман тілегімізді орындады. Алла ұлық. Балашағамызда қатар өсіп келеді. Достарымызда көбейіп ордалы елге айналып қалдық. Мен Мейрамбекті еркелетіп Миқош деймін, ал ол болса мені Төки дейді. Достарымның ішінде тек Миқош қана Төки деп айтады. Мен үшін керемет болып естіліп тұрады. Еее уақыт-ай мына суретке қарап екеуміздің жігіт ағасы болып қалғанымызды байқаймын. Алда әлі біз шықпаған белдер бар досым аман болайық. Ел ішінде еңселі, балашағамызға қамқор, достарымызға қадірлі болсақ одан артық не арман бар. Арманымыз бітпесін досым", - деп жазды Тоқтар Серіков желіде.

- "Рас, Тоқа, сендердің әндеріңмен тұтас бір буын, түгел бір ұрпақ өсті... Аман болыңдар!", - деп жазды ақын Қалқаман Сарин.

«Бетке күліп жүріп, сырттан басқа әңгіме айтқанына таңғалдым» Сиви әнші Керімбековаға
Берік Тұрсынбеков Қабатовтың актерлық өнерге қалай келгендігі туралы шындықты жайып салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу