«Аяғы ауыр» - Мөлдір Әуелбекова көпшіліктің қызу талқысына түсуде

Oinet.kz 07-07-2020

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың Instagram парақшасына соңғы салған суреті көпшіліктің қызу талқысына түсуде. Әншінің іші шығып қалғанын байқаған оқырмандар оны сұрақтың астына алды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Мөлдір Әуелбекова біраз уақытын елордада өткізіп, Алматыға қайта оралды. Әнші оңтүстік астанаға келе салып, бірден Көлсай көлдеріне жол тартқан. Ол табиғат аясында өткен демалысындағы фотолармен бөлісіп, желіде қызу пікірталас тудырды. Өнер иесінің табынушылары оның кең киім кие бастағанына орай, аяғы ауыр екенін болжады. Кейбір оқырмандар тіпті жұлдыздың іші шығып қалғанын байқағанын жазған. 

- "Мөлдір ханымның аяңы ауыр. Енді күмін жоқ. Құтты болсын. Салтайға серік болсын" , "Аяғы ауыр ма" , "Жүкті сияқты ғой" , "Кең киім көп болып кетті. Енді себебі түсінікті болғандай. Екінші сәбиіңізді күтіп жүрген сияқтысыз" , "Аяғы ауыр секілді. Құттықтаймыз Мөлдір ханым" , "Бақытты болыңыз, көп болыңыз" , - деп жазуда көпшілік Instagram желісінде. 

Меруерт Өтекешова Елбасыға ашық хат жазды
Айқын Төлепберген жанайқайын жеткізді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×