Айқын Төлепберген жанайқайын жеткізді (фото)

Oinet.kz 07-07-2020 3017

Қазақ эстрадасының мүшесі Айқын Төлепберген тойларды екі жылға дейін шектеуді ұсынып, шағымын айтқан асабаны сынға алған Аружан Саинға жауап берді. Ол белгілі қайраткердің той-бизнес саласына деген пікірінің қате екенін айтып, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазба арнады.

image.png

Айқын Төлепберген тойларға тыйым салуға қатысты ұсыныс тастаған Аружан Саинға бұл салада еңбек ететін жандардың қазіргі жағдайын баяндады.

- "Осы тақырыпты жаба салайын деп едім. Бірақ мына жазбаға жауап бермесем болмас. Бүгінде екінің бірі дәрігерлер еңбегін жамылып жүр. Қазір мереке тойлап жүретін уақыт емес екені анық. Мен өзім де адамдардың жиналуына қарсымын. Тіпті ол жаназа болса да. Себебі, 21 ғасырдың індеті маған да жұқты. Қазіргі уақытта мен одан ем қабылдап жатырмын. Бірақ, сіздердің айтып отырғандарыңыз - екі жыл. Қалжыңдап отырған боларсыздар. Бұл қайдан шыққан сандар? Пандемия мәңгіге созылмайды ғой. Той саласын басқа кәсіптер секілді қарастыру керек. Вирус бәсеңдегенде бұл салаға қойылған шектеулерді де алу қажет. Сол кезде әділетті болады. Қоғамдық көлік пен ХҚКО-да да жұқтыру қаупі жоғары емес пе? 

Басқа мекемелердің барлығы ашылған уақытта не себепті той саласы ғана екі жылға жабылу қажет? Ақылға қонымсыз. Пандемиядан кейін не болатынын қазірден бастап ойластыру керек. Шағын бизнес бүгінде тұншығып жатыр. Ол мемлекет көмегіне зәру болуда. Оған тыйым емес, қолдау  қажет. Құрметті Аружан мен сізді мақтан тұтамын. Біз және біздің балалар үшін жасағаныңыз бен жасап келе жатқан игі істеріңіз үшін қатты сыйлаймын. Сіздің жобаларыңызға өзім де қатыстым. Бірақ, кешіріңіз. Күллі той бизнесті бір тамадаға сүйеп қою сіздің бұл саланы қатты білмейтініңізді көрсетеді. Оған қоса, тойда қызмет ететін жандарға деген шынайы көзқарасыңызды көрсетіп тұрғандай. Тойдың артында қаншама адам тұр. Олардың барлығы жұмыссыз қалмақ. Соны ойладыңыз ба? Даяшылар, мейрамхана қызметкерлері, аспаздар, техникалық ұжым, күзет, әкімшілік. Асаба, бишілер, әншілер, көлік безендірушілер, ұйымдастырушылар бар. Той дегеніміз тұсау кесер, шілдехана, мерекелік жиындар бола алады. Ол міндетті түрде тек үйлену той емес" , -деп жазды ол. 

image.png

Айқын сөзінің соңында демократиялық елдің азаматы болғандықтан, бұл даулы мәселеге қатысты өз ойын еркін түрде айта алатынын жеткізді. 

«Аяғы ауыр» - Мөлдір Әуелбекова көпшіліктің қызу талқысына түсуде
Димаш Құдайберген Қазақстандық шенеуніктерді қатаң сынға алды (жазба)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу