​Саят Медеуов жантебірентерлік сөздерімен халықты жылатты

Oinet.kz 17-07-2020 1353

Елімізге танымал әнші Саят Медеуов өзі үшін тым ауыр кезеңде көңіл айтып, қолдау білдіріп жатқан барша жандарға алғысын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы Саят Медеуов өзінің Instagram желісінде асқар тауына жүрекжарды жазбасын арнап, елді жылатты. Ол мұндай сәтте барынша қолдап жатқан жанашырларға алғысын білдіріп, еңсені көтеретін сөздермен бөлісуін сұраған. 

"Қадірлі ағайын! Иә, қайғыны бөліссең азаяр, қуанышты бөліссең көбейер деген, Алла осымен баршаңызға қайғы бермесін деп тілеймін! Қайғыма ортақ болғандарыңызға Алла разы болсын! Сіздер көңіл айтсын қайғымды бөліссін деп емес, қанаттарыңыз қайрылмасын, еңселеріңіз көтерсін деп жазудамын! Елді еңсесін көтерер қанатты сөз жазайық. 

Елдің басынан өткергенін мен неге өткермейін. Ел жақсы болса мен жақсы! Бұл сынаққа мен бел бүксем ел сынбай ма? Сондықтан да, мен өзім үшін емес ел үшін сынуға, бүгілуге қақым жоқ! Қайғыны жұта берсем қан татып кетпей ме? Қайғы ойлайтын емес, елді ойлайтын ер азамат болу - ол біздің парызымыз. Мен туғанда ата-анама кім бауы берік болсын айтқанын білмеймін, ал екеуі дүниеден озғанда үш жүздің игі жақсылары жұмақтық болсын деп жатса, мен неге жұбанбайын. 

Еңсемізді көтерейік, осындай сын сағатта бір бірімізге қолдау көрсетейік. Бірі жүректен, бірі құсалықтан дүниеден өзып жатыр. Әкем анамның артынан өзін о дүниеге дайындап, құсалықтан көз жұмды. Мәңгілік мекеніне Анамның жанына кетті. Махаббаттарына сүйсіне қарасам да, мына заман оны сездірмей тұр. Саясат болса да өзіміз үшін сақтанбасқа шара қалмады, ағайынды ойласаңыздар сақтаныңыздар! Тыныштық, денсаулық, байлық - үшеуі ошақтың үш бұтындай түгел болса , бір біріне тіреу болса. Қазақ болып бас қосып, әлі талай ас салып, қазан қайнатамыз" , - деп жазды әнші. 

Дәурен Айдарқұлов бірінші әйеліне қосылмайтын болыпты
«Жаман заттар істейді»: Айдарқұлов не себепті ажырасқанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу