Жанар Айжанова қызын сағынғандығын айтып, жан сырын ақтарды (видео)

Oinet.kz 08-09-2020 2659

Жанар Айжанова жалғыз қызы Айжұлдызды сағынып жүр. Жақында құдағи атанып, қызын ұзатқан ана жансырын ақтарды. 

image.png

Әнші парақшасында осыдан 23 жыл бұрын түсірілген видеосын жариялап, қызының бала күнін көрсетті. 

- "Мені бір бөлмелі үлкен үйімнің ішінде айтылған, 23 бұрынғы әңгіме екен. Жасыратыны жоқ, қызымды сағынып жүрмін. Бірақ кеткен қыздың қыңқылдап мазасын алмаймын деген уәдем бар. Қайда жүрсе де, қосағымен қоса ағарып, жыламай жүрсе болғаны деп, Алладан күнде тілеп отырмын", - деп жазды Айжанова. 

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова оң босағадан ұзатылып ақ келін атанды. Мұсылманша некесін қиған жас жұбайлар бал айына аттанды. Үнемі қасында жүрген қолғанаты жырақта жүрген анасына ауыр тиген. Алайда әнші қызын артық мазаламаймын деп уәде еткен екен.

- "Иә, дұрыс айтасыз кеткен қыз кету керек. Күніне он звондап қыңқылдап, араласып, жағаласып бәрін білгісі келіп тұратын кейбір аналар сияқты болмай жіберу керек", "Жанар құрдасым. Айжұлдыз бақытты болсын, қыз берген жүрекке ауыр анаға. Өсіресің әдемі қылып, ол жат жұрттық болады. Мен де Алланың берген үш қызым бар. Бір қызым тұрмыста. Қыздарымыз жыламай жүрсін", "Өте дұрыс қыңқылдап, әр нәрсені сұрап отырғандар,оны шешелері қолдап отырған қыздар отбасы болмайды", - деп жазды желідегі оқырмандары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

МЕНІҢ БІР БӨЛМЕЛІ ҮЛКЕЕЕН ҮЙІМНІҢ ІШІНДЕ АЙТЫЛҒАН, 23 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ӘҢГІМЕ ЕКЕН. ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ ҚЫЗЫМДЫ САҒЫНЫП ЖҮРМІН. БІРАҚ УӘДЕМ БАР КЕТКЕН ҚЫЗДЫҢ ҚЫҢҚЫЛДАП МАЗАСЫН АЛМАЙМЫН ДЕГЕН. ҚАЙДА ЖҮРСЕ ДЕ ҚОСАҒЫМЕН ҚОСА АҒАРЫП, ЖЫЛАМАЙ ЖҮРСЕ БОЛҒАНЫ ДЕП, АЛЛАДАН КҮНДЕ ТІЛЕП ОТЫРМЫН.

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Жігер Ауыпбаев жеке басына қатысты шындықты жайып салды (видео)
Айгүл Иманбаева желіде тараған ақпаратқа өз жауабын берді (жауабы)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу