Танымал әнші Ақбота Сейтмағамбет оранып кетті (видео)

Oinet.kz 03-11-2020 4891

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Сейітмағамбет стилін түбегейлі өзгертіп, ерекше образдарын хиджабқа алмастырды. Өнер иесі парақшасындағы барлық фотоларын өшіріп, оранып алған суреттерін ғана жариялауда. Әншінің мұндай өзгерісіне не себеп болғаны әлі де белгісіз, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Ақбота Сейітмағамбеттің өмірінде үлкен өзгерістер орын алған көрінеді. "Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған ару ажырасып кеткен соң, желіде асқан белсенділік танытқан болатын. Алайда, кейін Instagram кеңістігінен жоғалып, біраз уақытқа дейін желіден алыстап кетті. Бірнеше апта бойы оқырмандарымен байланысқа шықпаған Ақбота оларға өзінің қайта оралғанын жеткізді. Бірақ, шоу-бизнес жұлдызы енді түбегейлі өзгергенін көрсетті. 

Ол Instagram парақшасындағы барлық фотоларын өшіріп тастап, ел назарына өзінің хиджабтағы суреттерін ұсынған. Бұл жайт желі қолданушыларының таңданысын тудырғаны анық. Олар әншіні мұндай өзгерістерге не итермелегенін біле алмай әлек болып, оны сұрақтың астына алды. Қалың көпшілік Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы жолдасымен қайта қосылып алғанын болжады. Алайда, бұл түжырымдарды әртіс әзірге жауапсыз қалдыруда.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Аллаға Шүкір

Роза Рымбаева Димаштың даусына қатысты маңызды пікір айтты (видео)
Танымал әнші Шахизаданың тұрмысқа шығатыны рас па? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу