Қарақат Әбілдина жолдасы Қыдырәлі мен қызының әсерлі видеосын жариялады (видео)

Oinet.kz 22-12-2020 1924

Қазақстандық танымал әнші Қарақат Әбілдина Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Қыдырәлі Болманоы.png

Әнші жолдасы Қыдырәлі мен кенже қызы Айзаданың видеосын жүктеп, әсерлі жазбасын қалдырды. 

- Қайырлы кеш, құрметтілерім! Көрген көзді қуантар, жүректерді жылытар жып-жылы көріністі салып қояйын. Сүт кенжеміз Айзадам әкесін көрсе бітті тәп-тәтті күліп, уілдеп әңгімесін айтып қоя береді. Бала екеш бала да өзіне көңіл бөлінгенін, жылы қабақ танытып, мейірім бергенін қалап тұрады екен. Әсіресе, қыз бала үшін ананың рөлі қандай болса, әкенің рөлі одан да зор деп білем. Қыз баланың болашақта өзіне сенімді, махаббатқа қанық, білім мен жетістікке талапшыл болуы әкеге де көп байланысты екен. Жалпы адамзат табиғаты о бастан-ақ мейірімге зәру, жұмсақ қабақ, жылы жүрек, тәтті сөзге мұқтаж ғой. Ал тап қазіргі мынау белгісіз бір тұманды шақта, не ары, не бері емес бейтарап кезеңде айналамызға тек мейірім ғана берейікші! Көңілдерді сындырмайық, сызат түсірмейік. Жүректерді жараламайықшы!

Жүрек -Алланың үйі! Алланың әрқашан назарын салатын орын! Сондықтан, қолдан келсе тек қана мейірім таратып, шуақ шашқанға не жетсін! Жылулық танытайық! Жылытайық!

Мейірім ғана - әлемді құтқарады!

Алладан әр қазағымның басына амандық, деніне саулық, отбасына бақ-береке тілеймін! Аллаға қол жайған әр дұғам да осы! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Әрбіріңізді жақсы көрем! - дейді Қарақат Әбілдина. 

Ал, көпшілік Қарақат ханымның пікірімен келісетінін айтып, жылы лебіздерін білдіруде.

- "Әке болатын адамдарға қазіргі заманда осы кісіні үлгі тұтуға. олады ағамызға Алла разы болсын! Жақсы адам", "Айтқаныңыз келсін. Берекелі, мерекелі, мейірімді, саналы өмір берсін Алла", "Керемет. Өзге елде жерде жүріп ұлтыңызға деген сүйіспеншілігіңіз одан сайын оянып жүрген сиякты. Ерекше посттар жүректен шығып жатыр. Аман болыңыздар. Бакытты болыңыздар", "Сізбен толықтай келісемін, айтқан ойыңыз орынды. Тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын, әмин. Кішкентай Айзада ғұмырлы болсын,дені сау болсын! Қазақ елінің мақтанышы болсын", "Керемет пост, өте терең мағыналы. Қазақша сөз байлығың өте күшті, екі дүниенің бақытын тілеймін! Аман есен болайық! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!", "Керемет . Қазағымыздың əр отбасы сіздердей ақ болсын. Жақсы демалып елге аман есен оралуды Алла нəсіп етсін отбасыңызға. Аман болыңыздар, бар болыңыздар . Көп болыңыздар" - дейді желі қолданушылары. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

«Қатыгез адам» - Жазира Байырбекова көпшілікті алаңдатып қойды
Танымал әнші оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу