«Көкейімде түрлі өкініштер қалды» - Жазира Байырбекова

Oinet.kz 30-12-2020 1917

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова марқұм әкесін еске алып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазба жариялады. 

Жазира Байырбекова.png

- Әкем марқұмның диагнозын анықтап, дәрігерлерден жазылмайтынын естіп жүрген кезіміз еді. Ауруханадан шығып біздің жалдамалы үйімізге келді. Мен ешқандай тұз салмай, үйдегі бар азық-түлікпен тамақ жасап бердім.”Тұзды, майлы, қуырған тағам болмайды” деген дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, жазылып кетер деген ой ғой. Әкем тамақты бір қасық ұрттап “Жаска, кішкене тұз салуға болмай ма?!” деді. Мен “жоқ, сізге тұзды болмайды” дедім. Әкем дәмі жоқ тамақты менің көңіліме қарап ішіп қойды. Шынымен аз өмірі қалғанына сенсем қуырып та, тұзын да салып дәмдірек етіп жасап берер едім. Ата-анасы өмірден өткендердің талайының көкейінде түрлі өкініштер қалды-ау. Ия?! Өмірден өткенше менің көңіліме қарап, еркелетіп, бір дауыс көтермеді. Қабағын да түйгені есімде жоқ. Соонша жақсы көріп маған елжіреп қарайтын көздері, салқын тиіп тұмауратып қалсам “өзімнің көзім өтіп кетті-ау” деп түкіріп, маңдайымнан сүйетіні көз алдымда. Марқұм әкем тірі болып, бүгінгі жетістігімді көргенде ғой... - дейді әнші. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Асанәлі Әшімов пен Димаш Құдайбергеновтың суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
«Немерем Көзайымға үш бөлмелі пәтер сыйладым» - Марат Омаров (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу